Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch EasyChain 18V-15-7 Originalbetriebsanleitung Seite 207

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
Осының арқасында жүргізуші шина ұшымен кездейсоқ
түрде жанасып қалуына жол берілмей, бұтақ-кескіш
араның кездейсок жағдайларда жақсырақ бақылап
басқарылуы қамтамасыз етіле алынады.
Әрқашан шығарушы тарабынан талап етілетін
u
қосалқы шиналары мен ара шынжырларын
қолданыңыз. Лайықсыз қосалқы шиналары мен ара
шынжырлары шынжырдың жыртылуына немесе кері
соққыға апаруы мүмкін.
Ара шынжырын қайрау және күту үшін
u
шығарушының нұсқауларына сай әрекет етіңіз.
Тереңдікті шектеушінің мәні тым төмен болғаны
соққыға бейімді болуын арттырады.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Бұл электр құрал физикалық, сенсорлық немесе
u
психикалық қабілеттері шектелген, немесе осы
құралды қолдану үшін керекті тәжірибесі және/
немесе білімі болмаған адамдар арқылы
(осылардың арасында балалар да) тек өздерінің
бақылау астында болып, немесе осы құралды
қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен
танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен
танысқаннан кейін ғана қолданылуы тиіс.
Балалардың электр құралымен ойнамауын
қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз қажет.
Құралды қолдану алдынан алдымен оның қорғау
u
құралдары мен тұтқыштарының барлығы лайықты
түрде енгізіліп орнатылғанын тексеріп алыңыз.
Құрал толығымен құрастырылып орнатылмаған
қалыпта болғанда немесе құралда рұқсат етілмеген
өзгертулер өткізілген жағдайларда құралды ешқашан
іске қосып қолданбаңыз.
Құрал шынжыры лайықты дұрыс жерде орнатылып
u
қойылуына назар аударыңыз. Шынжырдың қате
жерде орнатылуы шынжырдың үзіліп қалуына, кері
соққыға және/немесе адамдардың жарақаттануына
апара алады.
Бұтақ-кескіш арамен жұмыс істегенде әрқашан төзімді
u
ұзын жұмыс шалбарын киіп жүріңіз.
Бұл бұтақ-кескіш ара төменнен жоғарыға қарай
u
жасалатын кесімдер жасау үшін арналмаған. Бұтақ-
кескіш араны ол үшін қарастырылмаған жұмыстар
үшін қолдану қауіпті жағдайларға апаруы мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқаулары мен аккумуляторды
оңтайлы түрде пайдалану бойынша нұсқаулар
Аккумуляторды құралға енгізу алдынан құрал
u
өшіріліп қойылған қалыпта болғанын тексеріп
алыңыз. Аккумуляторды қосылып тұрған бақ
электрбұйымына енгізу апаттарға апара алады.
Тек қана осы бақ электрбұйымы үшін арналған
u
арнайы Bosch аккумуляторларын қолданыңыз.
Басқа түрлі аккумуляторларды қолдану жаралану және
өрт қауібіне апара алады.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Bosch Power Tools
Акумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ
уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан,
судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу
қауібі бар.
Құралды пайдаланбаған уақытта
u
пайдаланылмайтын аккумуляторды
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
шегелерден, бұрандалардан және түйіспелердің
тұйықтауына апара алатын басқа ұсақ темір
заттардан ұзақ жерде сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке апаруы мүмкін.
Аккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда
u
немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу
шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза
ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
u
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Аккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз.
u
Жарылу қауібі бар.
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан
u
қорғап жүріңіз.
Бақ электр бұйымын температура аумағы -20 °C және
u
50 °C аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Бақ
электр бұйымын, мысалы, жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
u
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Белгілер
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну
үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте
сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі
одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады.
Белгі
Мағына
Бақ құралы қолданылатын жерде
жануарлар және жабайы аңдардың бар
не жоқ болуын мұқият тексеріп
алыңыз. Құрал қолданылып жатқанда
жануарлар және жабайы аңдар
жарақаттанып қалуы мүмкін. Құрал
қолданылатын аймақты мұқият
тексеріп, онда болатын тас, таяқ,
сымдар, сүйектер және бөгде
заттардың барлығын осы аймақтан
алып тастаңыз.
Қазақ | 207
F 016 L94 333 | (23.05.2023)

Werbung

loading