Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GIC 12V-5-27 C Professional Originalbetriebsanleitung Seite 302

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
302 | Қазақ
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Қол құрылғысын (13) суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Тексеру камерасын әрдайым таза ұстаңыз. Денсаулыққа зиянды заттарды қамтитын
аймақтарда жұмыс істегеннен кейін тексеру камерасы мен барлық көмекші
құралдарды мұқият тазалап шығыңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Әсіресе камера объективін (4) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз және қылшықтарға
назар аударыңыз.
Кіріктірілген түймелі элементті алмастыру
Түймелі элементті ауыстыру жұмысын Bosch компаниясы немесе Bosch электр
құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталығы орындауы қажет.
Назар аударыңыз: түймелі элементті әрдайым бірдей түрдегі түймелі
u
элементке ауыстырыңыз. Жарылыс қаупі бар.
Заряды қалмаған кіші батареяларды тиісті ретте алып тастап кәдеге
u
жаратыңыз. Заряды қалмаған батареялар тығыз болмай қалып өнімді
зақымдауы немесе адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі
мекенжай бойынша қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары
туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде
өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және
кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық
немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ!
Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян
келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
1 609 92A 89L | (17.03.2023)
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis