Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch 3 601 M41 000 Originalbetriebsanleitung Seite 273

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
272 | Қазақ
Көлденең және тік еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Реттегіш тетікті (19) аралаудан бұрын әрдайым
u
нық тартыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада
қисаюы мүмкін.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (J суретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ)
аралығында реттеуге болады.
– Бекіткіш тетік (19) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Иінтіректі (20) басыңыз, аралау үстелін (17) реттегіш
тетігінен солға немесе оңға бұрап, бұрыш
индикаторының (22) көмегімен қажетті көлденең еңіс
бұрышын реттеңіз.
– Бекіткіш тетікті (19) қайтадан тартыңыз.
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі
дәлме-дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (23)
бар:
сол жақ
45°; 22,5°; 15°
– Бекіткіш тетік (19) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Иінтіректі (20) бастып, аралау үстелін (17) қажетті
ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз.
– Иінтіректі жіберіңіз. Иінтірек ойыққа шерту
дыбысымен тірелуі тиіс.
– Бекіткіш тетікті (19) қайтадан тартыңыз.
Тік еңіс бұрышын реттеу (K суретін қараңыз)
Тік еңіс бұрышын 0° және 45° аралығында реттеуге
болады.
– Реттелетін тіреуіш планканы (25) толық сыртқа қарай
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (31) босатыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасынан (9) бұрыш
индикаторында (38) қажетті тік еңіс бұрышы
көрсетілгенше қайырыңыз.
– Манипуляторды осы күйде ұстап, қысқыш тұтқаны
(31) қайтадан бұрап бекітіңіз.
0° мен 45° стандартты бұрыштарды жылдам және
дәлме-дәл реттеу үшін корпуста тіреуіштер бар.
– Реттелетін тіреуіш планканы (25) толық сыртқа қарай
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (31) босатыңыз.
– Манипуляторды тұтқасы (9) арқылы тірелгенше оңға
(0°) немесе тірелгенше солға (45°) қарай қайырыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (31) қайтадан тартыңыз.
1 609 92A 6ST | (09.07.2021)
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
u
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
– Зарядталған аккумуляторды (34) электр құралының
аккумулятор науасына аккумулятор берік
бұғатталғанша кіргізіңіз.
Қосу (L суретін қараңыз)
– Электр құралын қолданысқа енгізу үшін алдымен
іске қосылудан қорғайтын құлыпты (7) басыңыз.
Содан кейін ажыратқышты (8) толықтай басып, сол
күйде ұстап тұрыңыз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (8)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (8) жіберіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Кесік сызығын белгілеу (M суретін қараңыз)
оң жақ
Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік
15°; 22,5°; 45°
қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға
болады.
– Бұл ретте ажыратқышты (8) қысқаша түрті және іске
қосылудан қорғайтын құлыпты (7) баспай лазер
сәулесін қосыңыз.
– Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ
жиегіне бағыттаңыз.
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріп шығыңыз (қараңыз „Лазерді
реттеу", Бет 274). Лазер сәулесі, мысалы, қарқынды
пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы мүмкін.
Оператордың күйін (N суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Макс. дайындамалар саны:
Көлденең еңіс
бұрышы
45° (оң жақ/сол
жақ)
45° (сол жақ)
Тік еңіс бұрышы Биіктігі x ені
[мм]
70 x 270
70 x 190
45°
45 x 270
45°
45 x 190
Bosch Power Tools

Werbung

loading