Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti Nuron NPR 32-22 Original Bedienungsanleitung Seite 319

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
6
Қызмет көрсету
ҚАУІПТІ
Ток соғу қаупі бар! Қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларында жұмыс істеу ток соғуға және/немесе
қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.
▶ Нашар ауа райында кернеу өткізгіш сымдармен жұмыс істеуге қатал тыйым салынады.
▶ Ауа райының жағдайлары оқшаулағыш сипаттарына, көрерлікке немесе жұмысшылардың
қозғалуына теріс әсер еткен жағдайда, жұмысты бірден тоқтатыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жоғары қысыммен шыққан майдан жарақат алу қаупі бар! Жоғары қысыммен шыққан май тері
мен көзге жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Зақымдар көрінген жағдайда, баспақтау құрылғысын пайдаланбаңыз.
▶ Май шыққан жағдайда, баспақтау құрылғысын пайдаланбаңыз.
▶ Піспектің әр баспақтау әрекетінен кейін кері қозғалғанына көз жеткізіңіз.
▶ Егер піспек баспақтау әрекетінен кейін кері қозғалмаса, қолмен қайтару үшін қайтарғыш
ажыратқышты қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ
Газдың шығуынан жарақат алу қаупі бар! Шығып кеткен газ тыныс алу жолдарына жарақат тигізуі
немесе тұтануы мүмкін.
▶ Газ желілеріндегі баспақтау әрекеттерін тек баспақтау құралы мен фитингінің арнайы тексерістен
өткен және жарамды, сонымен қатар жүйе жабдықтаушысы мақұлдаған қисындасуын қолданып
өткізіңіз.
ЕСКЕРТУ
Жарықшақтардың ұшуынан жарақат алу қаупі бар! Материалдың сынықтары көз бен денеге
жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Қорғаныш көзілдірік пен қолғап киіп жүріңіз.
▶ Дұрыс баспақтау сақиналарымен және қыспақтармен/жалғастырғыш қысқыштармен бірге
жарамды байланыстырғыш материалды қолданыңыз.
▶ Баспақтау
әрекетінің
қыспақтар/жалғастырғыш қысқыштар тиісінше тураланғанына көз жеткізіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Қате қолдану себебінен мүлікке залал келтіру қаупі бар! Баспақтау құрылғысын және/немесе
баспақтау сақиналарын қате қолданған жағдайда, олар зақымдалуы мүмкін.
▶ Жұмысты бастамас бұрын баспақтау сақиналары, жалғастырғыш қысқыш/қыспақ және роликті
жетек (бар болса) шаңсыз және жақсы майланған күйде болғанына көз жеткізіңіз.
▶ Жұмысты бастамас бұрын баспақтау сақиналарын, жалғастырғыш қысқышты/қыспақты және
роликті жетекті (бар болса) "Майлағыш және тот басудан қорғайтын спрей" (#308976) атты өніммен
майлаңыз.
▶ Баспақтау сақиналары үшін өндірушінің түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.
Гидравликалық май суық ауа райында қоюлануы және баспақтау әрекетін ұзартуы мүмкін.
Баспақтау құрылғысын жылыту үшін бос жүріс күйінде 5-10 баспақтау әрекетін орындаңыз.
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықтағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын
орындаңыз.
6.1
Баспақтау әрекетін қыспақпен орындау
Егер баспақтау әрекеті мезгілсіз тоқтатылған болса, фитингіні бөлшектеу немесе мүмкін болса,
қосымша баспақтау қажет.
1. Қыспақты/жалғастырғыш қысқышты енгізіңіз. → Бет 313
*2321712*
алдында
және
барысында
4
2321712
баспақтау
сақиналары
Қазақ
мен
315

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis