Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita ML005G Betriebsanleitung Seite 145

Akku-baustrahler led
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 14
Таңбалар
Төменде жабдық үшін пайдаланылған таңбалар
көрсетілген.
Пайдалану алдында олардың мағынасын
түсінетініңізді тексеріңіз.
• Пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз.
• Тек европа одағындағы елдерге ғана
ұйлеседы, өйткені жабдық, жарақсыз
електыр және електырондық жабдықтар,
аккумулйаторлар және бәтерялар арасында
зйанды құрамдар өмыр сұреды, орта мен
адамзаттың денсаулығына керы ықпал
Ni-
MH
жасауы мүмкін. Электрлік және электронды
Li-ion
құрылғыларды батареяларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Электр және
электронды жабдықтардың қалдықтары мен
аккумуляторлар мен қалдықтары туралы,
сондай-ақ оларды ұлттық заңнамаға бейімдеу
туралы Еуропалық директиваға сәйкес электр
жабдықтары, батареялар мен аккумуляторлар
қалдықтары бөлек сақталуы және бөлек
жинау орнына жеткізілуі керек. қоршаған
ортаны қорғау ережелеріне сәйкес жұмыс
істейтін коммуналдық қалдықтар үшін.
Бұл жабдыққа қойылған сызылған доңғалақты
қоқыс жәшігінің белгісімен көрінеді.
• Оптикалық сәулелену (ультра күлгін сәулелер
және инфрақызыл сәулелер).
Көздерге немесе теріге әсерді барынша
азайтыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған шамға қарамаңыз.
• Тиісті қалқанды немесе көзді қорғау
құралын пайдаланыңыз.
• Аса сақ болыңыз және көп көңіл бөліңіз!
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ
НҰСҚАУЛАР
ЕСКЕРТУ: Құрылғыларды пайдаланып жатқанда,
өрт, ток соғыу және жарақат қаупін азайту үшін негізгі
қауіпсіздік шараларын әрқашан қолдану керек, соның
ішінде келесілерді:
БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
1. Жарыққа қарамаңыз немесе көздеріңізді жарыққа
ашпаңыз. Көздеріңізге зиян тиюі мүмкін.
2. Шамды матамен немесе картонмен, т.б. жаппаңыз,
әйтпесе бұл жалынға әкелуі мүмкін.
3. Оған жаңбырдың немесе қардың әсерін тигізбеңіз.
Оны суда жумаңыз.
4. Құрылғының ішіне пинцетпен, металл құралдармен
және т.б. тимеңіз.
5. Құрылғы пайдаланылып жатпағанда, әрқашан
өшіріңіз және батарея картриджын құрылғыдан
шығарыңыз.
6. Түсіріп алу, ұру, т.б. арқылы құрылғыға соққы
тигізбеңіз.
7. Батареялары бар портативті шамдар үшін
қауіпсіздік туралы ақпарат.
• Батареяны қоқысқа лақтыру қауіпті материалдарды
қоқысқа лақтыруға қатысты жергілікті ережелерге
сәйкес болуы керек.
• Батареяны жағуға болмайды.
8. Шамдарға арналған қосымша ақпарат.
• Бұл шырақтың жарық көзын ауыстыруға болмайды;
жарық көзы оның пайдалыу ғүмырына жеткенде,
тұтас шырақты алмастыру керек.
9. Батарея құралын пайдалану және күту.
• ЕСКЕРТУ: Қауіпсіздік туралы барлық ескертулерді
және нұсқауларды оқыңыз. Ескертулер мен
нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына,
өртке және/немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Кездейсоқ іске қосылуын болдырмаңыз. Батареялар
жинағына қосу, құрылғыны көтеру немесе алып жүру
алдында ауыстырып-қосқыш өшірулі күйде екеніне көз
жеткізіңіз. Құрылғыны саусақты ауыстырып-қосқышқа
қойып алып жүру немесе ауыстырып-қосқышы қосулы
құрылғының қуатын қосу сәтсіз жағдайларға әкеледі.
• Кез келген реттеулер жасау, аксессуарларды
ауыстыру немесе құрылғыны сақтауға қою алдында
батареялар жинағын құрылғыдан ажыратыңыз.
Мұндай алдын алатын қауіпсіздік шаралары
құрылғының кездейсоқ іске қосылуы қаупін азайтады.
• Тек өндіруші көрсеткен зарядтағышпен зарядтаңыз.
Батареялар жинағының бір түріне жарамды
зарядтағыш басқа батареялар жинағымен бірге
пайдалнағанда өрт қаупін тудыруы мүмкін.
• Құрылғыларды тек арнайы белгіленген батареялар
жинақтарымен бірге пайдаланыңыз. Кез келген
басқа батареялар жинақтарын пайдалану жарақат
алу және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
• Батареялар жинағы пайдаланылып жатпағанда, бір клеммадан
екіншісіне қосылымды жасауы мүмкін басқа металл заттардан,
мысалы, қағаз қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
шегелерден, бұрандалардан немесе басқа шағын металл
заттардан аулақ ұстаңыз. Батареяның түйіспе тұстарын қысқа
тұйықтау күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
• Шарттарға сай емес жағдайларда батареядан
сұйықтық шығуы мүмкін; оған тимеңіз. Оған
кездейсоқ тисеңіз, сумен шайыңыз. Сұйықтық
көздерге тисе, бұған қоса медициналық көмекке
жүгініңіз. Батареядан шыққан сұйықтық тітіркенуге
немесе күйіктерге әкелуі мүмкін.
• Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар
жинағын немесе құрылғыны пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар
болжауға келмейтін түрде жұмыс істеп, өртке,
жарылысқа немесе жарақат қаупіне әкелуі мүмкін.
• Батареялар жинағына немесе құрылғығыға оттың
немесе артық температураның әсерін тигізбеңіз. Оттың
немесе 130°C-тан (265 °F) жоғары температураның
әсерін тигізу жарылысқа әкелуі мүмкін.
• Зарядтау туралы барлық нұсқауларды орындаңыз
және батареялар жинағын немесе құрылғыны
нұсқауларда көрсетілген температуралар ауқымынан
тыс зарядтамаңыз. Тиісті емес немесе көрсетілген
ауқымнан тыс температураларда зарядтау батареяны
зақымдауы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
• Қызмет көрсетуді білікті жөндеуші тек бірдей ауыстыру
бөлшектерін пайдаланып орындауы керек. Бұл осы
өнімнің қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
• Пайдалану және күту туралы нұсқауларда көрсетілген
болмаса, құрылғыны немесе батареялар жинағын
өзгертпеңіз немесе жөндеуге әрекеттенбеңіз.
10. Батарея картриджына қатысты қауіпсіздік туралы
маңызды нұсқаулар.
• Батарея картриджын пайдалану алдында (1)
батарея зарядтағышындағы, (2) батареядағы және
(3) батареяны пайдаланатын өнімдегі барлық
нұсқаулрады және сақтық белгілерді оқып шығыңыз.
• Батарея картриджін бөлшектемеңіз немесе
бұзбаңыз. Бұл өртке, шамадан тыс қызуға немесе
жарылысқа әкелуі мүмкін.
145 Қазақ

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis