Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Beko BHCA66641BBHS Installationsanleitung Seite 66

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für BHCA66641BBHS:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 11
KK- Қауіпсіздік туралы
нұсқаулар
• Өнімді қолданыстағы ережелерге сәйкес
білікті адам орнатуы керек. Өндіруші
рұқсат етілмеген адамдар өткізген
процедуралардан (бұл кепілдік күшін
жоюы да мүмкін) туындаған залалдар үшін
жауапты болмайды.
• Орынды дайындау және өнімнің электр
жабдықтарының орнатылуы тұтынушының
жауапкершілігінде. Уәкілетті сервис
маманын шақырмас бұрын, электр
жабдықтары сәйкес орнатылғанын
тексеріңіз. Олай болмаса, қажетті
шараларды жасату үшін кәсіби электр
маманын шақырыңыз.
• Өнім барлық жергілікті электр ережелеріне
сәйкес орнатылуы керек.
• Өнімді орнатпас бұрын, ондағы барлық
материалдар мен құжаттарды алып
тастап, өнімнің ақаулары бар-жоғын
көзбен тексеріп алыңыз. Олай болса, оны
орнатпаңыз.
• Өнім ауыр, өнімді кемінде екі адам болып
тасымалдаңыз
• Орнатпас бұрын орнатылатын аумақтағы
электр қосылымдарын ажыратыңыз.
• Бұрандаларды немесе бекіту жабдығын
осы нұсқауларға сай орнатпау электр
қаупіне әкелуі мүмкін.
• Өнім бөліктерінде өткір беттер болуы
мүмкін. Орнату үшін әрдайым қорғаныш
қолғап киіңіз.
• Егер өнім жеткіліксіз бекітілген болса,
оның құлап кету қаупі бар. Барлық
бекітпелердің нық бекілгеніне көз
жеткізіңіз.
• Түтін шығарғыштың ені ең аз дегенде
пісіру панелінің еніне тең болуы тиіс.
• Орнату сызбаларындағы өлшемдер мм
түрінде берілген.
• Түтін шығарғыштан шығарылатын ауа
газ немесе басқа отындарды жағатын
құрылғылар пайдаланатын түтіндікке
түспеуі тиіс. (Ауаны бөлмеге қайтаратын
құрылғыларға ғана емес)
• Ауаны шығаруға қатысты ережелер
сақталуы тиіс.
66
Өнімді орнату
Өнімнің өлшемдері және сақтық
шаралары (1-2-сурет)
• Өнімнің өлшемдеріне назар аударыңыз.
Жиһазыңызға сәйкес келетіндігін
тексеріңіз. (1-сурет)
• Түтін шығарғыштың төменге беті мен
қайнату панелінің жоғарғы бетінің
арасындағы биіктік газ плитасы үшін 650
мм-ден және электрлік плитасы үшін
500 мм-ден кем болмауы тиіс. (2-сурет)
*Орнату суреттерінде мысал ретінде газ
плитасы көрсетілген және плитада қалдыру
керек өлшем 650 мм деп белгіленген. Егер
сізде электр плитасы бар болса, бұл өлшемді
анықтама ретінде 500 мм қылып алыңыз.
Орнатылатын қабырғаны басқару
және дайындау
• Өнімнің көтеру қабілетін қамтамасыз ету
үшін өнім орнатылатын қабырға тік және
тегіс күйде болуы керек.
• Орнатылатын қабырғада және
бұрғыланатын тесіктердің айналасында су,
электр немесе газ қосылымдары болмауы
керек.
Құрылғыны электр желісіне қосу
• 2 жолды қуат кабелімен жасалған бұл
құрылғы биполярлы контакті сымдарының
арасында кемінде 3 мм саңылауы бар
электр қосқышы арқылы электр желісіне
қосылуы керек. Электр қосылымдарын
кәсіби электр маманына жасатыңыз.
• Электр орнатуға қатысты кез келген
жұмысты бастамас бұрын өнімді электр
желісінен ажыратыңыз. Электр тоғының
соғу қаупі бар!
• Өнімді электр желісіне тек уәкілетті және
білікті адам қосуы керек. Өнімнің кепілдік
мерзімі дұрыс орнатылғаннан кейін ғана
басталады. Рұқсат етілмеген адамдар
жүргізген процедуралардан туындаған
зияндар үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
• Өнімнің көтеру қабілетін қамтамасыз ету
үшін өнім орнатылатын қабырға тік және
тегіс күйде болуы керек.
• Егер сіздің өніміңіз ашамен жасалған
болса, орнату кезінде электр жабдығына
қосу үшін қуат ашасын кеспеңіз.
Әйтпесе. кепілдік күші жойылады және
пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қауіп
төнуі мүмкін.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis