Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita CJ105D Betriebsanleitung Seite 233

Akku-thermojacke
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für CJ105D:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 20
Аккумулятордан қуат беріліп жатқан кезде
шнурды ажыратулы күйде қалдырмаңыз.
Кішкентай балалар ток көзіне қосулы ашаны
ауыздарына салып, жарақат алуы мүмкін.
Аккумулятор ұстағышының ашасын Makita
компаниясы көрсеткен күртеден басқа
құрылғыларға қоспаңыз.
Жеке қауіпсіздік
Күртені пайдалану кезінде жасап жатқан
жұмысыңызға қырағылық танытып, мұқият
болыңыз. Күртені шаршағанда немесе
есірткі, алкоголь немесе дәрі-дәрмектің
әсерінде болған кезде пайдаланбаңыз. Күртені
пайдалану кезінде сәл ғана немқұрайлылық
таныту ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Күртені пайдалану және оған күтім жасау
Ауыстырып-қосқышы қосылмаса және
өшпесе, күртені пайдаланбаңыз. Ауыстырып-
қосқышы арқылы басқарылмайтын кез келген
күрте қауіп төндіреді және оны жөндеу керек.
Күртені күтіп ұстаңыз. Бөлшектердің сынған
жерлерінің және күртенің жұмысына кері
әсер ететін басқа жағдайлардың бар-жоғын
тексеріңіз. Зақымы болса, күртені жөндеген
соң бірақ пайдаланыңыз.
Күртені жұмыс жағдайлары мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Күртені басқа мақсатта пайдаланған жағдайда,
қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
Егер сақтандырғыштың балқитын ендірмесі
үзіліп қалса, жөндеу үшін күртені өкілетті
қызмет көрсету орталығына қайтарыңыз.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
1.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз. Кез
келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану
жарақат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен
бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін
басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз.
Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы
күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.
4.
Дұрыс пайдаланбаған кезде
аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп
кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп
кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық
көзге тиген болса, медициналық көмекке
жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық
тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Аккумулятор картриджіне
арналған маңызды қауіпсіздік
нұсқаулары
1.
Аккумулятор картриджін пайдаланбас
бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау
құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы
және (3) аккумуляторды пайдаланатын
өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту
білгілерін оқып шығыңыз.
2.
Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз.
3.
Егер аккумулятор картридждің пайдалану
уақыты бірталай қысқарған болса,
пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл
қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті
жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
4.
Егер электролит көзіңізге тиген болса,
көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу
медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру
қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы
мүмкін.
5.
Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір
бірімен матастырмаңыз:
(1)
Клеммаларды кез келген ток өткізгіш
материалдарға тигізбеңіз.
(2)
Аккумулятор картриджін ішінде
шегелер, тиындар, т.б. басқа металл
заттары бар контейнерде сақтамаңыз.
(3)
Аккумулятор блогын суға салмаңыз
немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы
үлкен ток ағынының пайда болуына,
қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті
бұзылуға себеп болуы мүмкін.
6.
Құралды және аккумулятор блогын
температурасы 50 °C-тан (122 °F) асатын
жерлерде сақтамаңыз.
7.
Аккумулятор блогы қатты зақымдалған
немесе толығымен тозған болса да, оны
отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта
жарылып кетуі мүмкін.
8.
Аккумуляторды құлатып немесе соғып
алмаңыз.
9.
Зақымдалған аккумуляторды
пайдаланбаңыз.
233 ҚАЗАҚША

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis