Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita CJ105D Betriebsanleitung Seite 232

Akku-thermojacke
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für CJ105D:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 20
Қолдану мақсаты
Жылытатын күрте немесе жилет денені суық
климатты ортада жылыту үшін арналған.
EС сәйкестік декларациясы
Тек Еуропа елдеріне арналған
CJ106D / DCJ206 үлгісі
ЕС сәйкестік декларациясы осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың А қосымшасы ретінде қосылған.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ:
Барлық қауіпсіздік ескертулері мен
нұсқауларын оқып шығыңыз. Төменде берілген
барлық ескертулер мен нұсқауларды орындамаған
жағдайда, электр тогының соғуы, өрт шығуы және/
немесе ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Алдағы уақытта қолдану үшін барлық
ескерту мен нұсқауды сақтап қойыңыз.
Ескертулер мен сақтық шараларындағы "jacket"
термині күртеге немесе жилетке қатысты айтылады.
Жалпы қауіпсіздік бойынша ескертулер
Балалар, мүгедек адамдар немесе жылуға сезімтал
емес кез келген адам, мысалы қан айналымы нашар
адам күртені пайдаланудан бас тартуы тиіс.
Күртені қолданылу мақсатынан басқа
мақсатта пайдаланбаңыз.
Күртені ішкі жағы дымқыл болған кезде
пайдаланбаңыз.
Күртені қорғалмаған жалаң денеге киюге болмайды.
Қандай да бір әдеттен тыс жағдай сезілсе,
күртені қуат көзінен өшіріп, аккумулятор
ұстағышын дереу алып тастаңыз.
Қуат кабелінің қысылып қалуына жол
бермеңіз. Зақымдалған кабель электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Егер қандай да бір ақаулық анықталса,
жөндету үшін жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Істіктерді немесе соған ұқсас заттарды
пайдаланбаңыз. Ішіндегі электр сымдары
зақымдалуы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсетуге арналған
мәліметтері бар жапсырмалар мен
ақпараттық тақтайшаны сақтаңыз. Егер
оларды оқу мүмкін болмаса немесе жазуы
кетіп қалған болса, жөндеу үшін өкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Үздіксіз пайдалану үшін пайдалану
ортасына сәйкес тиісті температура
параметрлерін таңдаңыз.
Жуу және кептіру кезінде аккумулятор
картриджіне, аккумулятор ұстағышына және
жалғағыштарға су тиіп кетпеуі керек.
Құрылғыны басқару элементтерін ата-анасы немесе
қамқоршысы алдын ала орнатпайынша немесе
балаға басқару элементтерін қауіпсіз пайдалану
бойынша тиісті түрде нұсқау берілмейінше,
кішкентай балалар пайдаланбауы керек.
Жылыту бөлімінің дененің бір бөлігіне ұзақ уақыт
бойы тиіп тұруынан абай болыңыз. Егер жылыту
бөлімі дененің бір бөлігіне ұзақ уақыт бойы тиіп тұрса,
салыстырмалы төмен температурада да (40 - 60°C)
төмен температуралы күйік алу ықтималдығы бар.
Күртенің ысып бара жатқанын сезген бойда
оны пайдалануды тоқтатыңыз.
Күртені киіп ұйықтауға болмайды.
Ыстық өтіп кету ықтималдығын болдырмау
үшін температурасы едәуір жоғары ортаға
барған кезде киімді қуат көзінен ажыратыңыз.
Киімнің ішкі жағындағы
тексеріңіз. Киімнің сыртқы немесе ішкі
жағынан түйреуішпен түйремеңіз.
Зарядтау алдында аккумуляторларды
күртеден шығарыңыз.
Тозған аккумуляторларды күртеден алып,
оларды қауіпсіз түрде кәдеге жаратыңыз.
Күртені ұзақ уақытқа сақтауға қояр алдында,
аккумуляторларды алып тастаңыз.
Қуат көзі клеммаларының қысқа
тұйықталуына жол бермеңіз.
Жуу
Күртені жуу кезінде күртенің ескерту
затбелгісіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Күртені тазалау алдында аккумулятор
ұстағышы мен аккумулятор картриджін алып
тастаңыз, содан кейін қуат кабелін аккумулятор
қалтасына салып, бекіткішті жабыңыз.
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
Жұмыс аймағы таза әрі жарық болуы керек.
Лас немесе қараңғы аймақтар жазатайым
оқиғалар қаупін арттырады.
Электрлік қауіпсіздік
Күртені жаңбыр астына немесе ылғалды
жерлерге қоймаңыз. Күртеге су кіретін болса,
электр тогының соғу қаупі артуы мүмкін.
Қуат шнурын дұрыс пайдаланыңыз. Күртені
тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен
ажырату үшін қуат шнурын пайдалануға
болмайды. Қуат сымын жылудан, майдан,
өткір жиектерден алшақ ұстаңыз.
Қуат көзін USB портына қоспаңыз. Олай
жасамаған жағдайда, өрт шығу қаупі бар. USB порты
тек төмен кернеулі құрылғыны зарядтауға арналған.
Төмен кернеулі құрылғыны зарядтамаған
кезде, USB портына әрдайым қақпақ жауып
қойыңыз.
USB құрылғысын енгізетін портқа тырнақ,
сым, т.б. заттарды салмаңыз. Әйтпесе қысқа
тұйықталу түтін мен өрттің шығуына себеп
болуы мүмкін.
Шнур мен аккумуляторды дымқыл немесе
лас қолмен ұстамаңыз.
Күртенің сымы немесе ашасы зақымдалған
болса, оны пайдаланбаңыз.
Әрдайым Makita компаниясы көрсеткен
аккумулятор ұстағышын пайдаланыңыз.
232 ҚАЗАҚША
белгісін мұқият

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis