Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GCM 80 SJ Professional Originalbetriebsanleitung Seite 215

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCM 80 SJ Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұрандаларды (43) алты қырлы дөңбек кілтпен (35)
бұрап шығарып, ескі ішпектерді алып тастаңыз.
– Жаңа оң жақ ішпекті салыңыз.
– Ішпекті бұрандалармен (43) мүмкіндігінше ең оң
жағына бұрап қойыңыз да, ара дискісі ықтимал тарту
қозғалысының бүкіл ұзындығында ішпекке тимеуі
керек.
– Жұмыс қадамдарын жаңа сол жақ ішпек үшін дәл
осылай қайталаңыз.
Аралау
Тарту қозғалысынсыз аралау (қыршу) (M суретін
қараңыз)
– Тарту қозғалысынсыз кесіктер жасау үшін (кіші
дайындамалар) тартылған бекіткіш бұранданы (11)
босатыңыз. Манипуляторды (6) және (21) тіреуіш
планкаларына қарай тірелгенше жылжытып, бекіткіш
бұранданы (11) қайтадан тартып қойыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (6) және (21) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, манипуляторды
тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Жүріспен аралау
– Тарту аспабымен (12) (кең дайындамаларды) кесу
үшін тартылған бекіткіш бұранданы (11) босатыңыз.
– Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс
бұрышын реттеп шығыңыз.
– Дайындаманы (6) және (21) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз.
– Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында
тұрғанша (6) және (21) тіреуіш планкаларынан ары
тартыңыз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, манипуляторды
тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– Енді манипуляторды (6) және (21) тіреуіш
планкаларына қарай басып, дайындаманы бірқалыпты
жүріспен аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Bosch Power Tools
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде,
оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында
дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің
арасында бос орын пайда болмауы тиіс.
Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.
Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 0° реттеңіз
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (22) 0° ойығына (28) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (26) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (N1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне
(22) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (39) жатуы керек.
Реттеу (N2 суретін қараңыз)
– Қысқыш тұтқаны (10) босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданың (33) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қысқыш тұтқаны (10) қайтадан тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (33) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (32) реттегеннен кейін
шкаланың (31) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (44) стандартты крест тәрізді бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
45° стандартты тік еңіс бұрышын реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (22) 0° ойығына (28) дейін бұраңыз.
Иінтірек (26) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Қысқыш тұтқаны (10) босатып, манипуляторды қол
тұтқасынан (16) тірелгенше солға (45°) бұраңыз.
Тексеру (O1 суретін қараңыз)
– Бұрыштық калибрді 45° шамасына реттеп, оны аралау
үстеліне (22) қойыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша
ара дискісінде (39) жатуы керек.
Реттеу (O2 суретін қараңыз)
– Қысқыш тұтқаны (10) босатыңыз.
Қазақ | 215
1 609 92A 5UB | (22.10.2020)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis