Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қауіпсіздік Нұсқаулары - HP DesignJet T200 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DesignJet T200:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 15
Қауіпсіздік нұсқаулары
Келесі сақтық шаралары принтердің дұрыс қолданысын тексеріп, принтердің зақымдалуын болдырмайды.
Осы сақтық шараларды барлық уақытта орындаңыз.
Жапсырмада көрсетілген қуат көзінің кернеуін пайдаланыңыз. Принтердің розеткасын бірнеше
құрылғымен асыра жүктемеңіз.
Принтерді өзіңіз бөлшектемеңіз немесе жөндемеңіз. Үстіңгі жиегін алып тастамаңыз. Қызмет үшін HP
қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Принтермен тек HP берген электрлік сымды пайдаланыңыз. Қуат сымын зақымдауға, кесуге немесе
жөндеуге болмайды. Зақымдалған қуат сымы өртке немесе ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Зақымдалған қуат сымын HP мақұлдаған қуат сымымен ауыстырыңыз.
Металл бөлігінің немесе сұйықтықтың (HP тазалау жинақтарында пайдаланылғандарынан басқа)
принтердің ішкі бөліктеріне тиюіне жол бермеңіз. Олай істеу өрт, ток соғу немесе басқа қауіпті
қатерлерді тудыруы мүмкін.
Тұғырсыз принтерлер үшін:
Принтер, қосалқы бөлшектері және керек-жарақтарының жалпы салмағынан кемінде екі есе
ауыр салмақты көтеретін демеуішті пайдаланыңыз.
Принтер демеуіш бетіне толықтай сиятынына көз жеткізіңіз.
Демеуіш тек принтер үшін қолданылатынына көз жеткізіңіз.
Принтермен бірге берілген құрастыру нұсқауларын орындап, қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз ету үшін, оларды қолжетімді жерде сақтаңыз.
Келесі жағдайлардың кез келгенінде принтерді өшіріңіз және қуат сымын қуат розеткасынан
суырыңыз:
Қолыңызды принтер ішіне салған кезде.
Принтерден түтін немесе қалыптан тыс иіс шықса.
Принтер қалыпты жұмыс кезінде естілмеуі тиіс болған қалыптан тыс шу шығарса.
Металл бөлігі немесе сұйықтық (тазалау және техникалық қызмет көрсету дағдыларының
бөлігі емес) принтердің ішкі бөліктеріне тисе.
Электрлік (күн күркіреуі/найзағай) дауыл кезінде.
Қуат ақауы кезінде.
Принтерге қызмет көрсетуден бұрын.
2
KKWW

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Designjet t600Designjet studio

Inhaltsverzeichnis