Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

RIDGID FlexShaft K9-102 Bedienungsanleitung Seite 437

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für FlexShaft K9-102:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 61
3 фут (1 м) МАКС.
11-сурет – Жұмыс күйінде
4. Ағын құбырында кабель жиынтығының
кем дегенде 1 фут (0,3 м) бөлігі бар екенін
растаңыз.
5. Бұрғының тиісті түрде орнатылғанын
растаңыз және бұрғы патронының бағытын
ескеріп, бұрғы қосқышын басып босатыңыз.
Бұрғының айналуы барабандағы АЛҒА
көрсеткісіне сәйкес болуы қажет (4-суретті
қараңыз). Кабельді осы нұсқауларда
көрсетілмейінше, кері айналдыруға
болмайды. Кері жүргізу кабельді зақымдауы
мүмкін.
6. Бір қолыңызды кабель жиынтығына,
екінші қолыңызды бұрғы қысқышына
орналастырыңыз.
7. FlexShaft ағын құбырын тазалау құрылғысы
ағын құбырларын тазалау үшін жоғары
айналдыру жылдамдығын және төмен
айналу кезін қолданады. FlexShaft кабел
ь жиынтықтары ағын құбырын тазалау
кабельдерінің басқа түрлерінен иілгіштеу.
FlexShaft құрылғысын пайдалану кабельді
шығарған кезде аздап күш түсіру және
шынжырлы бастырғышты тығындауға
ақырын енгізу арқылы оңтайландырылады.
Шынжырлы бастырғыш жылдамдығының
ағын құбырын тазалау құрылғысын
тазалауына мүмкіндік берген маңызды —
шынжырлы бастырғыштарды тығындауға
күштеп енгізбеңіз.
8. Кабель жиынтығын алға жылжыту/
шығарып алу — FlexShaft жақпа майы
FlexShaft™ ағын құбырын тазалау құрылғылары
Кейбір жағдайларда кабельді ағын
құбырына енгізген кезде орам сыртына
RIDGID FlexShaft жақпа майын жағу пайдалы
болуы мүмкін. Бұл кабель жиынтығын
ағын құбырына жүргізуді жеңілдетуі және
тазалау қашықтығын арттыруы мүмкін. Егер
бұл әрекет орындалса, кабель жиынтығын
жүргізу үшін пайдаланылған қолғап киген
қол алақанына жақпа май бар таза сүлгіні
орналастырыңыз және кабель жиынтығын
енгізу барысында жақпа майды жағыңыз
(13-сурет). Процесс барысында қажет
болған кезде сүлгіге жақпа май қосыңыз.
Құрылғыдан жүргізілетін кабель жиынтығы
мөлшерін көрсететін RIDGID FlexShaft
таңбалары орамға 5 фут (1,5 м) сайын
басылады.
Тек RIDGID FlexShaft жақпа майын
пайдаланыңыз. Басқа жақпа майлар
ағын құбырында пайдалануға жарамды
болмауы мүмкін және суды ластауы
мүмкін.
Кабель жиынтығын кері шығарған кезде
ағын құбырынан тартылып, барабанға кері
жүргізілетін кабель орамындағы кір мен
қоқысты сүлгімен сүртіп шыққан жөн.
9. Шынжырлы бастырғышты айналдыру
Негізінде кабельді шығарған кезде шынжырлы
бастырғыш тазалау мақсатында айналдырылады.
Шынжырлы бастырғыш ағын құбырында кем
дегенде 1 фут болған кезде ғана кабельді/
шынжырлы бастырғышты айналдырыңыз.
Кабельді айналдыру үшін бұрғы тұтқасын
қатты ұстаңыз және бұрғы қосқышын
басыңыз. Кабель жиынтығын басқаратын
адам әрі бұрғы қосқышын басқаруы тиіс.
Кабель жиынтығын бір адам, бұрғыны
басқа адам басқарған кезде құрылғыны
пайдаланбаңыз. Кабель жиынтығының
ағын құбырының, доғаның немесе иілімнің
сыртында жиналуына жол бермеңіз.
Бұл кабельдің бұралуына, байлануына
және үзілуіне әкелуі мүмкін. Кез келген
уақытта кабель айналуын тоқтату үшін
бұрғы қосқышын босатыңыз. Тығындауды
тазалаған кезде барынша тазалау
үшін кабельді толық жылдамдығында
пайдаланыңыз. Шынжырлы бастырғышты
тығындауға күштеп енгізбеңіз. Кейбір
жағдайларда айнымалы жылдамдықты
пайдалану айналымдарды реттеуге
көмектеседі. Кабель жиынтығын алға
жылжытқан кезде шынжырлы бастырғышты
АЛҒА немесе КЕРІ бағытта айналдыру оны
ағын құбыры мен тығындаудан өткізуге
көмектеседі.
999-995-158.09_REV. C
435

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Flexshaft k9-204

Inhaltsverzeichnis