Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Vitek Capella VT-1688 Betriebsanweisung Seite 47

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 15
Бұғаттау
Балалардың пешті пайдалануына жол бермеу үшін, Сіз бұғаттау режимін орната аласыз.
- «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасын 3 секунд бойы басып, ұстап тұрыңыз, дыбыстық сигнал
қосылады жəне пиктограмма (4) жанады.
- Бұғаттауды алып тастау үшін «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасын 3 секунд бойы басып, ұстап
тұрыңыз, дыбыстық сигнал қосылады жəне пиктограмма (4) сөнеді.
Арнайы функциялар
Авто ескерту:
- Дайындау немесе жібіту бағдарламасы аяқталғаннан кейін төрт дыбыстық сигнал қосылады, пеш есігі
ашылғанға дейін немесе «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасы басылғанға дейін жəне дисплей
көрсеткіштері бастапқы жағдайға оралғанға дейін дыбыстық сигналдар əрбір екі минут сайын қосылатын
болады.
- Егер уақытты немесе жұмыс режимдерін орнату толығымен аяқталмаса, онда 30 секундтан кейін дыбыстық
сигнал қосылады жəне дисплейдің көрсеткіштері бастапқы жағдайға оралады.
Үш сатыда тамақ даярлау
Сіз пешіңізді 3 кезекті дайындау сатысына бағдарламалай аласыз.
Мысал: қысқа толқындар қуаты 80% тең болған жағдайда өнімдерді 35 минуттың ішінде дайындау қажет,
сосын біріктірілген дайындау режимін 20 минутқа қосу қажет жəне 15 минут грильде қуыру қажет.
1. «ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАР» батырмасын 2 рет басыңыз, дисплейде таңдалған қуат деңгейі 80% бейнеленеді,
бұл жағдайда пиктограмма (7) жəне пиктограмма (9) қосылады – (1S – дайындаудың бірінші сатысы).
2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «35:00» орнатыңыз.
3. «ГРИЛЬ/КОМБИНАЦИЯ» батырмасын 2 рет басыңыз, бұл жағдайда пиктограмма (6, 7) жəне пиктограмма
(9) жанады – (2S – дайындаудың екінші сатысы).
4. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «20:00» орнатыңыз.
5. «ГРИЛЬ/КОМБИНАЦИЯ» батырмасын басыңыз, бұл жағдайда дисплейде пиктограмма (6) жəне пиктограмма
(9) жанады – (3S – дайындаудың үшінші сатысы).
6. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «15:00» орнатыңыз.
7. Дайындауды бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.
Қандай дайындау сатысы жүріп жатқанына байланысты саты нөмірлерімен пиктограмма (9) жанатын болады,
ал осы сəтте дайындау режиміне байланысты пиктограмма (5), (6), (7) не болмаса (8) жанатын болады.
Ескерту: бағдарланбайтын дайындау режимдерінде барлық жағдайда пиктограмма (9) жанатын болады
– 1S. Ескерту: дайындаудың барлық сатыларында жəне режимдерінде «дисплейді сəндеу элементтері»
кезектілікпен жанатын болады - пиктограмма (11).
Тамақты дайындау процесі кезінде пешті тоқтату
- Тамақты дайындау процесін тоқтату үшін пештің есігін сəл ашу жеткілікті. Өнімдерді дайындау процесін
жалғастыру үшін есікті жабыңыз жəне «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.
- Өнімдерді дайындау бағдарламасын тоқтату үшін «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасын басыңыз.
Тазалау жəне күту
Тазалау алдында пешті өшіріңіз жəне желілік ашаны розеткадан шығарыңыз.
Басқару панеліне су тигізбеңіз. Оны жұмсақ, сəл дымқыл матамен сүртіңіз.
Пештің жұмыс камерасын тазалықта ұстаңыз. Егер пеш қабырғаларында тамақ қалдықтары не сұйық
дақтары қалса, оларды дымқыл матамен сүртіңіз.
Жұмыс камерасы қатты кірленген жағдайда жұмсақ жуу құралын пайдалануға болады.
Пешті сыртынан жəне ішінен тазалау үшін абразивті жуу құралдарын, сым щеткаларды пайдаланбаңыз.
Пеш қақпағында орналасқан ауа мен будың шығуына арналған тесіктерге су не жуу құралдарының тимеуіне
назар аударыңыз.
Аммиак негіздегі жуу құралдарын пайдалануға болмайды.
Сыртқы беттерді дымқыл майлықпен сүртіңіз.
Пештің есігі əрқашан таза болуы қажет. Есік жəне пештің беткі панелі арасында тамақ түйірлерінің жиналуына
жол бермеңіз, себебі бұл есіктің дұрыс жабылуына бөгет болады.
Пешті суытуға арналған ауа кіретін пеш корпусындағы желдеткіш тесіктерін шаң-тозаңнан үнемі тазалап
отырыңыз.
Шыны табақты жəне оның тірегін үнемі алып, тазалап отырыңыз; пештің жұмыс камерасының түбін
сүртіңіз.
Шыны табақты жəне оның айналу жетегін бейтараптағыш сабын құралы құйылған суда жуыңыз. Бұл
бөлшектерді жуу үшін ыдыс жуу машинасын қолдануға болады.
Қыздырылған шыны табақты суық суға салмаңыз: температураның бірден өзгеруінен шыны табақ жарылып
кетуі мүмкін.
1688.indd 47
1688.indd 47
47
27.07.2006 17:11:46
27.07.2006 17:11:46

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis