Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Scarlett SC-400 Bedienungsanleitung Seite 65

Multifunktionaler brotbackautomat
Inhaltsverzeichnis

Werbung

• Таймер орнатылған жағдайда, жаңғақ пен жеміс-жидекті ең басында қосуға болады, бірақ бұл үшін
оларды ұсақтап турау керек.
ТАЙМЕР
• Таймер функциясы пеште пісіру уақытын кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
• Ең көп дегенде 13 сағатқа кейінге қалдыруға болады.
• Мысалы: ағымдық уақыт 20:30, сіз нанның сағат 7:00-де, яғни, 10 сағат 30 минуттан кейін дайын болғанын
қалайсыз. МЕНЮ (мəзір) түймешігін басыңыз, режимді таңдаңыз, қыртыстың түсі мен бөлкенің мөлшерін
таңдаңыз, содан кейін 10 сағат 30 минутқа дейін уақытты таңдаңу үшін
бейнебетте көрсетіледі. Таймерді іске қосу үшін СТАРТ/СТОП түймешігін басыңыз. Бейнебетте уақыттың
кері санағы басталады.
• ЕСКЕРТУ: жұмыртқа, сүт, кілегей жəне ірімшік сияқты тез бұзылатын азық-түлікті пайдаланған кезде
таймерді пайдаланбаңыз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
• Əуелі алмалы шараны алып шығып, оған қажетті құрамдастарды салып, содан кейін ғана шараны нан
пісіретін пешке қою керек.
• Құрамдас өнімдерді əрқашан да көрсетілген ретпен қосыңыз. Əуелі сұйық өнімдерді, майды, қантты,
тұзды, содан кейін ұн мен басқа да үстемелерді қосыңыз, ең соңында ашытқыны қосыңыз.
• Ашытқының өсуіне мүмкіндік беру үшін барлық құрамдас өнімдер бөлме температурасында болуға тиіс.
• Құрамдас өнімдердің мөлшерін дəл өлшеңіз. Рецепте көрсетілген шамадан тіпті шамалы ғана ауытқудың
өзі пісіру нəтижесіне əсер етуі мүмкін.
• Жұмыс кезінде пештің қақпағында ылғал түзілуі мүмкін, қамыр илеу кезінде қақпақты ашуға болады.
• Қақпақты пеште пісіру кезінде ашпаңыз! Нан басылып қалуы мүмкін.
ЖҰМЫС РЕТІ
• Алмалы шараны алып шығыңыз.
• Қамыр илейтін қалақшаны басыңыз, оның жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
• Құрамдас өнімдерді шараға салыңыз.
• ЕСКЕРТУ: ашытқының тұз бен сұйықтыққа тимейтініне көз жеткізіңіз.
• Алмалы шараны нан пісіретін пешке қайтадан орналастырыңыз.
• Шараны дұрыс орналастырғаныңызды тексеріңіз.
• Аспаптың қақпағын жабыңыз.
• Аспапты электр желісіне жалғаңыз. Дыбыстық белгі естіледі де, бейнебетте бағдарламаның нөмірі жəне
дайындау ұзақтығы көрсетіледі.
• МЕНЮ (мəзір) түймешігін басыңыз да, бағдарламаның нөмірін таңдаңыз.
• Қыртыстың түсі мен бөлкенің мөлшерін таңдаңыз.
• Енді дайындау уақытын таймердің көмегімен түзетіп реттей аласыз.
• Бағдарламаны бастау үшін СТАРТ/СТОП түймешігін басыңыз.
• Жұмыс аяқталғаннан кейін дыбыстық белгі беріледі де, бейнебетте 0:00 деген уақыт көрсетіледі.
• Нанды шамалы уақыт қалдыра тұрыңыз.
• Қақпақты ашардан бұрын аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
• Шараны ұстағыштың немесе қолғаптың көмегімен алып шығарыңыз.
• Шараны төңкеріңіз де, ептеп сілкіңіз. Егер нан сырғып түспесе, оны шарадан алу үшін ағаш немесе
пластмасса қалақшаны қолдануға болады. Ешқандай жағдайда металл заттарды пайдаланбаңыз, олар
шараның беткі қабатына сызат түсіруі мүмкін!
• Нанды 30 минут суытып қойыңыз, содан кейін оны турауға болады.
• ЕСКЕРТУ: Қамыр илейтін қалақшаның нанға түсіп кетпегеніне көз жеткізіңіз!
АҚАУЛЫҚТАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ТҮЗЕТУ ТƏСІЛДЕРІ
Сервис орталығына хабарласпас бұрын төменде келтірілген кестемен танысып шығуыңызды өтінеміз.
Нан
Сіздің ұныңыздағы дəн маңызы жарамсыз немесе сіз наубайханалық ұнды
көтерілмейді
пайдаланбайсыз. (Дəн маңызының сапасы ұнның температурасына,
ылғалдылығына, сақталу жағдайларына жəне астық жиналған уақытқа
байланысты өзгеше болуы мүмкін)
Қамыр тым қатты болып кеткен, себебі сіз сұйықтықты аз қосқансыз.
Ұнның басқа түрін, басқа өндірушінің ұнын немесе ұнның басқа партиясын
пайдаланып көріңіз.
Құрамында ақуыз мөлшері көп наубайханалық ұн басқаларына қарағанда
65
түймешігін басыңыз. Уақыт СК
IM003
SC-400

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis