Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Scarlett SC-400 Bedienungsanleitung Seite 64

Multifunktionaler brotbackautomat
Inhaltsverzeichnis

Werbung

• Қажетті бағдарламаны таңдау үшін «МƏЗІР» түймешігін басыңыз.
1-ші пісіру бағдарламасы. Негізгі "Basic"
• Бұл режим ақ нанды немесе нанның аралас сұрыптарын дайындау үшін пайдаланылады. Нан пісіру үшін
қарабидай немесе бидай ұны пайдаланылады. Бөлке жеңіл əрі ықшам болып шығады. Пісіруге арналған
азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
2-ші пісіру бағдарламасы. Француз наны "French"
• Бұл режим бидай ұнынан кіртілдек қыртысы бар жеңіл, үлпілдеген нанды дайындау үшін пайдаланылады.
Бөлке жеңіл əрі ықшам болып шығады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы
кестеден қараңыз.
3-ші пісіру бағдарламасы. Диеталық "Whole wheat"
• Бұл режим ірі тартылған ұннан нан дайындау үшін пайдаланылады. Аталған режимде қамыр илеу
ұзағырақ іске асады жəне нан көтерілуі үшін əлдеқайда көбірек уақыт бөлінеді. Бөлке ауыр əрі ықшам
болып шығады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
4-ші пісіру бағдарламасы. Жылдам "Quick"
• Бұл режим сода немесе ашытқы пайдаланып пісірілетін нанды дайындау үшін пайдаланылады. Бөлке
жеңіл əрі ықшам болып шығады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы
кестеден қараңыз.
5-ші пісіру бағдарламасы. Тəтті "Sweet"
• Бұл режим жеміс шырындары, үгітілген жаңғақ, кепірілген жеміс-жидек, шоколад немесе қант сияқты түрлі
тəтті қоспаларды пайдалана отырып нан дайындау үшін пайдаланылады. Бұл режимде нанның көтерілу
уақыты ұзартылған, соның нəтижесінде нан жеңіл əрі үлпілдек болып шығады. Пісіруге арналған азық-
түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
6-ші пісіру бағдарламасы. Жеделдетілген "Ultra fast"
• Бұл режим диеталық нанды дайындау үшін пайдаланылады. Бұл режимде қамырды илеу, оның көтерілу
жəне пісу үдерісі айтарлықтай қысқартылған жəне көп уақыт алмайды. Соның нəтижесінде нан ұсынылған
12 режимнің ішіндегі ең қасаңы болып шығады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың
соңындағы кестеден қараңыз.
7-ші пісіру бағдарламасы. Десерт "Dessert"
• Бұл режим кондитерлік тағамдарды дайындау үшін пайдаланылады. Пісірілген тағамдар жеңіл əрі ықшам
болып шығады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
8-ші пісіру бағдарламасы. Макарон "Pasta"
• Бұл режим кеспеге арналған қамырды дайындау үшін пайдаланылады. Бұл режимде қамырды соңынан
пісірместен, тек илеу ғана іске асырылады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың
соңындағы кестеден қараңыз.
9-ші пісіру бағдарламасы. Қамыр "Dough"
• Бұл режим қамыр дайындау үшін пайдаланылады. Бұл режимде қамырды соңынан пісірместен, тек илеу
ғана іске асырылады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден
қараңыз.
10-ші пісіру бағдарламасы. Қайнатпа "Jam"
• Бұл режим қайнатпа дайындау үшін пайдаланылады. Пісіруге арналған азық-түліктің құрамын
нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
11-ші пісіру бағдарламасы. Кекс "Cake"
• Бұл режим кекстер мен бəліштерді дайындау үшін пайдаланылады. Пісіруге арналған азық-түліктің
құрамын нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
12-ші пісіру бағдарламасы. Ысыту "Bake"
• Бұл режим нан толық піспеген немесе қыртысы жеткілікті дəрежеде қызармаған жағдайда, қосымша пісіру
үшін пайдаланылады. Дайындау уақытын нұсқаулықтың соңындағы кестеден қараңыз.
• Мерзімінен бұрын тоқтату үшін СТОП/СТАРТ түймешігін басып, дыбыстық белгі берілгенге дейін 2 секунд
бойы басып ұстап тұрыңыз.
• 1-6 режим үшін жаңғақ немесе жеміс-жидек сияқты қосымша азық-түлікті нан дайындау бағдарламасына
сəйкес естілетін дыбыстық белгіден кейін ғана қосуға болады.
64
IM003
SC-400

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis