Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Scarlett SC-400 Bedienungsanleitung Seite 62

Multifunktionaler brotbackautomat
Inhaltsverzeichnis

Werbung

TÁROLÁS
• Győződjön meg, hogy a sütő áramtalanítva van és teljesen kihűlt.
• Teljesítse a TISZTÍTÁS ÉS KARBANTARTÁS fejezet követelményeit.
• A sütőt résre nyitott fedéllel, száraz, tiszta helyen tárolja.
KZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулар. Мұқият оқып шығыңызы да, болашақта қарау үшін сақтап
қойыңыз.
• Құрылғыны дұрыс пайдаланбаса, бұл оның бұзылуына əкелуі жəне пайдаланушыға зиян келтіруі мүмкін.
• Алғаш рет іске қосар алдында бұйымның жапсырмасында көрсетілген техникалық сипаттамаларының
электр желісінің параметрлеріне сəйкес келетін-келмейтінін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ! Қуат сымының ашасында жерге тұйықтау сымы мен түйіспесі бар. Аспапты тек жерге
тұйықталған тиісті розеткаларға қосыңыз
• Осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес, тек тұрмыстық мақсаттарда пайдалану керек. Құрылғы
өнеркəсіптік мақсатта қолдануға арналмаған.
• Сыртта, үйден тыс пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны тазалар алдында немесе егер оны пайдаланбасаңыз, электр желісінен əрқашан да ажыратып
қойыңыз.
• Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тəжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
• Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
• Тоққа қосылған аспапты бақылаусыз қалдырмаңыз.
• Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
• Құрылғыны бүлінген қорек сымымен жəне (немесе) ашасымен бірге пайдалануға болмайды. Қатерден
сақтану үшін бүлінген қорек сымын уəкілетті сервис орталығында ауыстырту керек.
• Аспапты жəне қорек сымын суға немесе басқа сұйық заттарға малмаңыз. Егер ондай жағдай орын алса,
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз да, оны қайтадан пайдаланбас бұрын, аспаптың жұмысы мен
қауіпсіздігін білікті мамандарға тексертіп алыңыз.
• Қорек сымының өткір ұштар мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
• Қорек сымынан тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз жəне құрылғыны айналдырып орамаңыз.
• Нан пісіретін пешті тек тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Ешқашан оның ішінде киім, қағаз немесе
басқа заттарды кептірмеңіз.
• Нан пісіретін пештің іші бос болғанда оны тоққа қоспаңыз. Оның ішіне қандай да бір нəрсе сақтау үшін
пайдаланбаңыз.
• Пеш тағамдарды консервілеуге арналмаған.
• Азық-түлікті камераның табанына тікелей қоймаңыз, ол үшін алмалы шараны қолданыңыз.
• Тамақ дайындау рецептеріне сүйеніңіз.
• Пештің қысқа тұйықталуына жəне бұзылуын болдырмас үшін желдеткіш саңылаулардың су ағуына жол
бермеңіз.
• Нан пісіретін пешті таза күйінде дұрыс күтіп ұстамау оның беткі қабатының тозуына əкелуі мүмкін, ал бұл
аспаптың жұмысына қолайсыз əсер етіп, пайдаланушы үшін ықтимал қатер төндіруі мүмкін.
• Ұзартқыш сым қолданған жағдайда, кабельдің ең үлкен шектің қуатының нан пісіретін пештің қуатына
сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Ескерту! Жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді! Пеш жұмыс істеп тұрғанда, оны ұстау қажет
болса, ас үйге арналған қолғап киіңіз немесе ұстағышты пайдаланыңыз.
• Аспапты пайдаланған кезде қамыр илейтін қалақшаға тиіп кетуден сақтаныңыз, əйтпесе жарақат алу қаупі
бар!
НАН ПІСІРЕТІН ПЕШТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
• Нан пісіретін пеш нан пісіруге арналған автоматты режиммен жарақталған.
• Сіз нан пісірудің 12 түрлі бағдарламасының бірін таңдай аласыз.
• Нан пісіруге арналған дайын қоспаларды пайдалануға болады.
• Нан пісіретін пеште қайнатпа жасауға болады.
• Кеспе мен басқа да тағамдарды дайындауған арналған қамыр илеуге болады.
ОРНАТУ
• Нан пісіретін пештің ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
62
IM003
SC-400

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis