Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Gardena GP 3200 Originalbetriebsanleitung Seite 83

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 4
Gartenpumpe_118655.book Seite 83 Montag, 29. Oktober 2018 7:26 07
• Аспапты желіге қосар алдында желідегі
электрмен жабдықтаудың аспапты электрмен
қоректендіру талаптарына сəйкес келетін-
дігіне көз жеткізу қажет.
• Кернеу, қуаттылық жəне номиналды айналу
жылдамдығы тақтайшада көрсетілген негізгі
техникалық деректердің рұқсат етілген ең
жоғарғы мөлшерінен аспаған кезде ғана
аспапты қолдануға болады.
• Желілік ашаны сулы қолмен ұстауға бол-
майды! Желілік ашаны кабелінен емес, аша-
сынан тартқан дұрыс.
• Желілік кабельді майыстырмаңыз, қыспаңыз,
жұлқыламаңыз жəне кабельдің үстінен
жүрмеңіз; өткір, майлы жəне ыстық заттарды
қолданғанда, абай болыңыз.
• Аспапты кабельден ұстап тұрып көтермеңіз;
кабельді өзіне белгіленбеген мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Əрбір пайдаланар алдында істікшені жəне
кабельді тексеріңіз.
• Қуат сымы бүлінген кезде штепсель ашасын
суырып алып, оны желіден ажыратыңыз.
Бүлінген желілік кабельді ешқашан
пайдаланбаңыз.
• Егер аспап пайдаланылмаса, ол əрқашан
желіден ажыратылып тұруы тиіс.
• Аспапты электрлік қуат көзіне қосар алдында
оның өшіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Ашалы розеткадан ажыратар алдында
аспапты алдын ала өшіріңіз.
• Аспапты тасымалдаған кезде тогы өшіріледі.
• Егер осы аспаптың желілік кабелі бүлінсе,
қауіпті болмауы үшін оны кабельді өндіруші
немесе оның сервис қызметі не білікті маман
ауыстыруы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету
• Құрылғыда қандай да бір жұмыстар жүргізер
алдында желілік ашаны ажыратыңыз.
• Тек қана осы нұсқаулықта аталған жөндеу
жəне күтім бойынша жұмыстарды жүргізуге
рұқсат етіледі. Жұмыстардың барлық басқа
түрлерін мамандарға орындауға тапсырыңыз.
• Тек сертификатталған қосалқы бөлшектерді
пайдаланыңыз. Тек осындай қосалқы
бөлшектер осы құрылғыға арнап
құрастырылған жəне оған сəйкес келеді.
Басқа қосалқы бөлшектерді пайдалану
өндірушіні кепілдік міндеттемелерінен боса-
тып қана қоймай, сондай-ақ, Сізге жəне
қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін.
Осы құрылғыға арналған қауіпсіздік
бойынша нұсқаулар
• Тек қана таза суды сорғылаңыз! Еш жағдайда
құм не басқа тесетін заттарды сорғыламаңыз.
• Бір сағаттағы минималды шығын 80 л/сағ
(1,3 л/мин) құрауы тиіс.
• Аталмыш құрылғылар тамшылатып суару
үшін пайдалануға жарамайды, себебі су
шығыны тым төмен болып табылады жəне
құрылғының қотарылатын сұйықтық арқылы
суытылуына бұдан былай кепіл берілмейді.
• Ең жоғары сору биіктігін ескеріңіз. Сору биіктігі
қаншалықты жоғары болса, сорғының қотару
күші соншалықты төмен болады.
• Ешбір жағдайда құрылғыны жаңбыр астында
қалдырмаңыз. Құрылғыны ылғалды ортада
қолданбаңыз.
• Құрылғыны жарылғыш бөлмелерде немесе
жанғыш сұйықтықтар не газдардың жанында
қолданбаңыз!
• Су ағынын тікелей құрылғыға немесе басқа
электр бөлшектеріне бағыттамаңыз! Өмір
үшін қауіпті! Жоғары кернеу!
• Ұзартқыш кабельді берілетін сұйықтыққа
тиюін болдырмайтындай етіп өткізіңіз.
• Беру ортасында (мысалы, бассейнде)
адамдар не жануарлар болса (немесе орта-
мен жанасса), құрылғыны орнатпаңыз жəне
қоспаңыз.
• Құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз. Ұзақ
уақыт болмаған кезде желілік ашаны
ажыратыңыз.
• Жөндеу жұмыстарын электрші маманға
тапсырыңыз. Біліксіз орындалған жөндеу
жұмыстары құрылғының электр бөлшегіне
сұйықтықтың ену қаупін тудырады.
• Жылжымалы бөлшектер желдету жəне
ауасыздандыруға арналған саңылауларда да
болуы мүмкін екендігін ескеріңіз.
• Аспабыңызда орналасқан белгілерді алып
тастауға немесе жауып қоюға тыйым салы-
нады. Аспаптағы оқылмайтын белгілерді тез
арада ауыстыру қажет.
Қолданысқа енгізу алдында пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты оқып, ондағы
ұсыныстарды ескеріңіз.
Құрылғыға шолу
► 3-бет., 1-тармақ
1. Құю саңылауының тығыны
2. Сорғыш келте құбыр
3. Құю саңылауының тығыны
4. Айдау келте құбыры
5. Тасымалдау тұтқасы
6. Ажыратқыш
Жеткізілім көлемі
• Бау-бақшаны суаратын сорғы
• Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Орнату жəне пайдалануға беру
Орнату
• Құрылғыны сумен толтырылған құрылғының
жалпы салмағын көтеруге жеткілікті төзімді,
тегіс көлденең бетте орнату қажет.
• Дірілді болдырмау үшін құрылғыны иілімді
тұғырда (мысалы, резеңке кілемшеде) орнату
қажет.
• Орнату орны жақсы желдетіліп, ауа райы
əсерлерінен қорғалуы тиіс.
KAZ
83

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis