Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Ақаулықтарды Жою - Bosch PFS 1000 Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PFS 1000:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
170 | Қазақ
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Ауа сүзгісін тазалау (J суретін қараңыз)
Ауа сүзгісін (26) мерзімді түрде тазалау керек. Егер ауа
сүзгісі қатты ластанған болса, оны алмастыру қажет.
– Ауа сүзгісінің қаптамасын (23) ашыңыз.
– Ауа сүзгісін (26) алып қойыңыз.
– Жеңіл ластану жағдайында:
Ауа сүзгісін (26) сілкілеңіз.
немесе
Өте қатты ластану жағдайында:
Ауа сүзгісін (26) ағын сумен тазалап жуыңыз, содан
кейін оның зең басуына жол бермес үшін, оны
жақсылап құрғатыңыз.
немесеr
Ауа сүзгісін (26) ауыстырыңыз.
– Ауа сүзгісін қайта орнатыңыз.
– Ауа сүзгісінің қаптамасын (23) қайта жабыңыз.
Майда бүріккіш жүйесін тазалау (K суретін қараңыз)
Бүріккіш пистолетпен бүріккіш материал контейнерін
әрдайым пайдаланылған бүріккіш материалға арналған
сұйылтқыш (еріткіш немесе су) затпен тазалаңыз.
Бүріккіш пистолеттің форсунка мен ауа тесіктерін
ешқашан ұштық заттармен тазаламаңыз.
– Негізгі құралды (19) өшіріңіз.
– Негізгі құрал (19) мен бүріккіш пистолеттен (1) ауа
шлангін (17) алып тастаңыз (найзалы құлыпты (18)
сағат тіліне қарсы шірек айналым бұраңыз; найзалы
құлыпты (18) қосқыштан (4)/(24) шығарыңыз).
– Керек болса негізгі құралды сұйылтқыш затпен
дамқылдалған шүберекпен тазалап сосын негізгі құрал
(19) мен ауа шлангін (17) тазалау қоршауындан алып
тастаңыз.
– Бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (6) бүріккіш
материал контейнерге кері ағуы үшін басыңыз.
1 609 92A 58F | (12.11.2019)
– Контейнерді (7) бұрап шығарып қалған бүріккіш
материалды түпнұсқалық бүріккіш материалға
қосыңыз.
– Контейнерді (7) жартысына дейін сұйылтқышпен
(еріткіш немесе су) толтырып оны бүріккіш пистолетте
(1) қайта бекітіңіз.
– Бүріккіш пистолетін бірнеше рет шайқаңыз.
– Контейнерді (7) бұрап шығарып бос материал
ыдысына толық босатыңыз.
– Жаппа гайканы (3), ауа қақпағын (2), тығыздауыш
шайбаны (11), пайдаланылатын саптама қалпағын (9)/
(8) тығыздауыш сақинасымен (10) бірге және
көтергіш құбырды (12) контейнер тығыздауышымен
(14) бірге бөлшектеңіз.
Бұл ретте тығыздауыш сақина (10) саптама
қалпағында қалғанына көз жеткізіңіз.
– Бір шелекте сұйылтқышпен барлық бояу өткізетін
бөлшектерді әдеттегі шаю қылшағымен тазалаңыз.
Сондай-ақ бүріккіш пистолеттің (1) бояу каналын (16)
тазалаңыз.
– Көтергіш құбырда (12) контейнер тығыздауышымен
(14) бірге бүрку материалының жоқтығына және
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса, контейнер тығыздауышын (14) тағы бір
рет сұйылтқышпен тазалаңыз.
– Желдету саңылауын (15) жарамды затпен тазалаңыз.
– Контейнер мен бүріккіш пистолетті сыртынан
сүйылтқышпен ылғалданған шүберекпен сүртіңіз.
– Жинаудан алдын барлыө бөлшектерді кептіріңіз.
– Бүріккіш жүйені кері реттілікте қайта орнатыңыз.
Контейнер тығыздауышын (14) қайта жоғарыға
тіреушенің ойығына (12) жылжытыңыз.
Бүріккіш пистолетті дұрыс тығыздау үшін контейнер
тығыздауышы тіреуше ойығының айналысында дәл
орнатылғанын қамтамасыз етіңіз.
Тіреуше (12) тірелгенше түс арнасына (16) жылжуына
көз жеткізіңіз.
Материалдарды кәдеге жарату
Сұйылту заттары мен бүрку материалының қалдықтарын
қоршаған ортаны сақтайтын ретте кәдеге жаратылуы
керек. Өндірушінің кәдеге жарату нұсқаулары мен
арнайы қоқыс бойынша жергілікті ережелерді ескеріңіз.
Қоршаған орта үшін зиянды химикаттарды жерге, жер
астындағы суға немесе суаттарға түсуі мүмкін емес.
Қоршаған орта үшін зиянды химикаттарды ешқашан
канализцияға тастамаңыз!
Сақтау
– Майда бүріккіш жүйесін сақтаудан алдын, оны әбден
тазалап барлық бөлшектерді жинаудан алдын
кептіріңіз.
Майда бүріккіш жүйе қолданылмай тұрған кезде, резеңке
таспа істікпен бірге (негізгі блоктағы (19)) ауа шлангісін
(17) сақтауға арналған орын ретінде қызмет атқарады
( суретін қараңыз).
Ақаулықтарды жою
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Pfs 2000

Inhaltsverzeichnis