• Құрылғыға ауыр заттарды қоймаңыз. Бұл әрекет құрылғының аударылып кетіп, жарақатқа
әкелуіне себеп болуы мүмкін.
• Құрылғы пайдаланылатын бөлменің тиісті түрде желдетілетініне және кең екеніне көз
жеткізіңіз. Тиісті желдету әсіресе құрылғы көп пайдаланылған кезде маңызды.
Қуат кабельдері мен қуат кабелі айырларымен жұмыс істеу
• Осы нұсқаулықтағы техникалық сипаттамаларға сай қуат көздерінен басқа қуат көздерін
қолданбаңыз. Бұл әрекет өртке немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
• Техникалық сипаттамаларында көрсетілген жиіліктерден басқа жиіліктерді қолдануға
болмайды. Бұл әрекет өртке немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
• Бірнеше көзді адапторларды қолдануға болмайды. Бұл әрекет өртке немесе электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін.
• Ұзартқыш сымдарды қолдануға болмайды. Бұл әрекет өртке немесе электр тогының
соғуына әкелуі мүмкін.
• Бүлінген, майысқан немесе өзгертілген қуат сымдарын қолдануға болмайды. Сонымен
қатар, ауыр зат астында қалған, қатты тартылған немесе қатты майысқан қуат сымдарын
қолдануға болмайды. Бұл әрекет өртке немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
• Қуат кабелін су қолмен ұстау қауіпті. Солай жасау нәтижесінде электр тогы соғуы мүмкін.
• Қуат кабелінің айырын металл затқа тигізу өртке немесе электр тогының соғуына себеп
болады.
• Жабдықталған қуат сымын осы құрылғымен ғана қолдану қажет. Басқа құрылғылармен
қолданбаңыз. Бұл әрекет өртке немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
• Егер қуат сымы бүлінген болса және ішкі сымдары ашылып, сынған болса, қызмет көрсету
орталығына хабарласып, ауыстырып алыңыз. Бүлінген қуат сымдарын қолдану өртке
немесе ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Қауіпсіздік туралы ақпарат.
11