Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Sony UP-X898MD Kurzeinführung Seite 264

Schwarzweißdrucker
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für UP-X898MD:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 34
Пайдалану/Мақсатты пайдалану
көрсеткіші
Sony UP-X898MD принтері - ықшам, медициналық
мақсатқа арналған қара жəне ақ принтер, ол
мобильді С доғалы рентген аппараты,
ультрадыбыстық, жүректің катетерлік зертханасы
жəне басқа үйлесімді медициналық кескін жүйелері
сияқты аналогтік жəне/немесе сандық
рентгенология кескіндеу жүйелеріне қосылады.
Принтер емделуші жазбасына немесе
ұсыныстарына арналған осы жүйелерде қамтылған
кескіндердің қатты көшірме баспаларын шығарады.
Ескерімдер
• Құрылғыдан басып шығарылған суреттерді
диагностикалық мақсатқа пайдалануға болмайды.
• Бұл құрылғы медицина мамандарына арналған.
• Бұл құрылғы клиникалар, зертханалар жəне ота
жасау бөлмелері сияқты медициналық орталарда
пайдалануға арналған.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін
бұл құрылғыны жаңбырдың астында
немесе ылғалды жерде қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін құрылғының
корпусын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарын
білікті мамандар ғана орындауы тиіс.
Бұл жабдықты өзгертуге рұқсат берілмейді.
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупін болдырмау үшін, бұл
жабдықты тек жерге тұйықталған қуат
желісіне қосу керек.
ЕСКЕРТУ
Қуат көзін ажырату үшін штепсельді ажыратыңыз.
Құрылғыны орнатқан кезде, бекітілген электр
схемасына оңай қол жеткізуге болатын
ажыратқышты қосыңыз немесе штепсельді
құрылғының жанындағы оңай қол жеткізуге
болатын желілік розеткаға қосыңыз.
Медициналық электр жабдығын штепсельді
ажырату қиын жерге қоймаңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде ақау пайда болса,
қуат көзін ажырату үшін ажыратқышты
пайдаланыңыз немесе штепсельді ажыратыңыз.
2
KZ
Өнімдердегі таңбалар
Пайдалану нұсқаулығын қараңыз
Осы таңба бар құрылғының бөлігіне
арналған пайдалану нұсқаулығындағы
бағыттарға сүйеніңіз.
Бұл белгі өндірушіні көрсетеді жəне
өндірушінің аты мен мекенжайының
жанында көрсетіледі.
Бұл белгі өндіру мерзімін көрсетеді жəне
ол өнімге жəне/немесе орамға басып
шығарылады. YYYY – жылды жəне MM
– айды көрсетеді.
Бұл белгі сериялық нөмірді көрсетеді.
Бұл белгі бірге берілетін құжаттың
нұсқасын көрсетеді.
Бұл таңба жүйенің əр түрлі бөлшектерін
бір потенциалға келтіретін электр
потенциалы тең терминалды білдіреді.
Сақтау жəне тасымалдау
температурасы
Бұл белгі сақтау жəне тасымалдау
орталарына арналған рұқсат берілген
температура ауқымын көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау
ылғалдылығы
Бұл белгі сақтау жəне тасымалдау
орталарына рұқсат берілген ылғалдылық
ауқымын көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау қысымы
Бұл белгі сақтау жəне тасымалдау
орталарына рұқсат берілген
атмосфералық қысымның ауқымын
көрсетеді.
Бұл белгі Еуропалық Қауымдастығының
өкілін көрсетеді жəне Еуропалық
Қауымдастығы өкілінің аты мен
мекенжайының қасында көрсетіледі.
Керек-жарақтарға арналған
Бұл белгі партия кодын көрсетеді.
Қайта пайдаланбаңыз
Қайта пайдалану қате жұмыс істеуге
себеп болып, басып шығару
нəтижелеріне кері əсерін тигізеді.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis