Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Sony SU-WL850 Installationsinformationen Seite 527

Wandhalterung
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SU-WL850:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 62
Қабырғаға орнататын
кронштейн
Қауіпсіздік туралы
Осы өнімді сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Тұтынушылар үшін
Теледидарды қабырғаға бекіту
ЕСКЕРТУ
КӘСІБИ ТҮРДЕ ОРНАТЫЛУЫ КЕРЕК
Бұл өнімді тек қабырғаның теледидар
салмағына шыдамдылығын анықтауға
жаттықтырылған кәсіби орнатқыш
орнатуы керек. Егер орнату барысында
дұрыс бекітілмесе, теледидар құлап,
едәуір жарақаттауы мүмкін. Sony
компаниясы дұрыс пайдаланбау, дұрыс
орнатпау немесе көрсетілген өнімнен
басқасын пайдалану салдарынан
туындайтын кез келген зақым немесе
жарақат үшін жауапты болмайды. Сіздің
заңды құқықтарыңызға (егер болса)
әсер етпейді.
Sony дилерлері үшін
Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті
түрде тәжірибе қажет. Орнату
жұмыстарын қауіпсіз түрде орындау
үшін осы нұсқаулықты толық оқып
шығыңыз. Sony дұрыс қолданбау
немесе дұрыс орнатпау салдарынан
болған зақымдарға немесе жарақатқа
жауапты емес. Орнатқаннан кейін
тұтынушыға осы нұсқаулықты беріңіз.
Осы пайдалану нұсқаулығы өнімнің дұрыс
қолданылуын және зақымды болдырмауға
қажетті алдын алу шараларын көрсетеді.
Осы нұсқаулықтағы барлық нұсқауларды
оқу, мұқият түсіну және орындау сіздің
жауапкершілігіңізде. Олай істемеу едәуір
адам жарақатына немесе мүлік зақымына
және кепілдіктің күшінің жойылуына себеп
болуы мүмкін. Болашақта ақпарат алу үшін
осы нұсқаулықты қолжетімді жерде
сақтаңыз.
Sony өнімдері қауіпсіздікті ескере отырып
жасалған. Өнімдер дұрыс қолданылмаса,
өрт, ток соғу, өнімнің құлауы немесе оны
лақтыру салдарынан ауыр жарақатқа әкелуі
мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу
үшін алдын алу шараларын қараңыз.
Өнімнің күні мен штрих-кодында штрих-код
таңбасының коды келесі форматта
көрсетіледі: ЖЖЖЖ / ММ, мұнда ЖЖЖЖ
- жыл MM - өндіріс мезгілі.
Өндіруші: Сони Вижуал Продактс Инк.
Өндіруші мекенжайы: 2-10-1 Осаки
Шинагава-ку Токио, 141-8610 Жапония
Қытайда жасалған
Кеден одағы жеріндегі шетелден әкелуші
«Сони Электроникс» АҚ, Ресей, 123103,
Мәскеу, Карамышевский өтпе көшесі, 6
Қазақстан Республикасы жерінде
тұтынушылардан кінәрат-талаптар
қабылдайтын ұйым
Қазақстандағы «Сони Электроникс» ЖAK
Өкілдігі
050059 Алматы қаласы, Иванилов көшесі,
58 үй
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Арнайы құрылғылар
Қабырғаға бекіту кронштейні теледидарға
арналған құрылғылармен бірге қолдану
үшін жасалған. Теледидарлар үшін
қабырғаға орнатылатын кронштейнді
пайдалануға болатынын не болмайтынын
«Анықтама нұсқаулығы» ішінен қараңыз.
Тұтынушылар үшін
ЕСКЕРТУ
Осы алдын алу шаралары сақталмаса,
өрт, ток соғу немесе құрылғының құлауы
салдарынан ауыр жарақатқа немесе
өлімге әкелуі мүмкін.
Орнату жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек және құрылғыны
орнату кезінде
кішкентай балаларды
алыс ұстаңыз.
Қабырғаға бекіту кронштейні немесе
теледидар дұрыс орнатылмаса, келесі
жағдайлар болуы мүмкін. Лицензиясы бар
мердігерлер орнату жұмыстарын жүргізе
алатындығына көз жеткізіңіз.
 Теледидар құлап, дененің көгеруі немесе
сынық секілді ауыр жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
 Қабырғаға бекіту кронштейні орнатылатын
қабырға тұрақсыз, қисық болса немесе
еденге перпендикуляр болмаса, құрал
құлап, жарақатқа не мүліктің
зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырға
кемінде осындай алты теледидардың
салмағын көтере алатындай болуы керек.
(Теледидардың салмағын «Анықтама
нұсқаулығы» ішінен көріңіз.)
 Қабырғаға бекіту кронштейні қабырғаға
берік бекітілмесе, құрал құлап, жарақатқа
немесе мүліктің зақымдануына әкелуі
мүмкін.
Балалар үшін
 Балаларға теледидар үстіне шығуға
рұқсат бермеңіз.
 Ұсақ жабдықтарын балалардан аулақ
ұстаңыз, жұтып қоймасын.
Теледидарды
тасымалдау немесе
бөлшектеу жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек.
Лицензия бар мердігерлерден басқа
адамдар теледидарды тасымалдаса немесе
бөлшектесе, ол құлап, жарақатқа немесе
мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Теледидарды екі немесе одан көп адам (75
дюймді және одан үлкен теледидар жинағы
үшін үш немесе одан көп адам)
тасымалдауға немесе шешуге мүмкіндіктері
жететіндігін тексеріңіз.
− 3 (KZ) −
Теледидарды
бекіткеннен кейін
бұрандаларды және т.б.
босатпаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Қабырғаға бекіту
кронштейнінің
бөлшектерін
ауыстырмаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, қабырғаға
бекіту кронштейні құлауы немесе мүліктің
зақымдануы мүмкін.
Арнайы құрылғыдан
басқа құралды
бекітпеңіз.
Осы қабырғаға бекіту кронштейні тек
арнайы құрылғылармен бірге қолдану үшін
жасалған. Арнайы құрылғыдан бөлек
құралды бекітсеңіз, ол құлап не сынып,
жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі
мүмкін.
Қабырғаға бекіту
кронштейніне
теледидардан басқа
затты қолданбаңыз.
Теледидарды солға/
оңға, жоғары/төмен
шайқамаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Теледидарға сүйенбеңіз
немесе асылып
тұрмаңыз.
Теледидарға сүйенсеңіз не асылып
тұрсаңыз, ол сізге құлап, ауыр жарақат
алуыңыз мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Осы алдын алу шаралары сақталмаса,
жарақат алуыңыз немесе мүлік
зақымдануы мүмкін.
 Қабырғаға орнатылатын кронштейнді
қолдану немесе теледидарды бұру
кезінде саусақтарыңыз қысылып
қалмасын.
 ТД жинағын бұрғанда, оны абайлап
ұстаңыз және жақын маңдағы адамдарға
тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
 Пайдаланылмаған бөліктерді болашақта
пайдалану үшін қауіпсіз жерге сақтап
қойыңыз.
Оларды балалардан аулақ ұстаңыз.
Құрылғыны тазалау не
оған күтім жасау кезінде
қатты күш салмаңыз.
Теледидардың жоғарғы бөлігіне қатты күш
салмаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз,
теледидар құлауы немесе мүліктің
зақымдануы мүмкін.
KZ

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis