Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GCL Professional 2-15 Originalbetriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– Төбеде белгіленген Ⅰ және Ⅲ нүктелердің d
айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен
ауытқуын көрсетеді.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей
есептеледі:
еден мен төбе арасындағы қос қашықтық × 0,7 мм/м.
Мысал: еден мен төбе арасындағы қашықтық 5 м
болғанда макс. ауытқу келесідей болады:
2 × 5 м × ± 0,7 мм/м = ± 7 мм. Сондықтан Ⅰ мен Ⅲ
нүктелердің аралығы ең көбі 7 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің
u
немесе лазерлік сызықтың ортасын
пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе
лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (9)
штативіне немесе (22) стандартты фотоштативіне
орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін
5/8"-штатив патронын (10) пайдаланыңыз. Өлшеу
құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ) (G
суретін қараңыз)
Әмбебап ұстағыш (18) көмегімен өлшеу құралын,
мысалы, тік аймақтарда, құбырларда немесе
магниттелетін материалдарда бекіту мүмкін. Әмбебап
ұстағышты және едендік штатив ретінде де пайдалану
мүмкін болып өлшеу құралының биіктік бойынша
бағытталуын оңтайландырады.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (18)
дөрекі бағыттаңыз.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану (мына суретті
қараңыз: G)
Лазер нысандық тақтасы (19) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жартысы (19)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жартысы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
u
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ
ол лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
u
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Bosch Power Tools
Жұмыс мысалдары (мына суреттерді қараңыз: B2–
F2, G және H)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары
суреттер беттерінде берілген.
Өлшеу құралын әрдайым тексерілетін аймақ немесе
шетке жақын қойып әр өлшеуден алдын нивелирлеңіз.
Лазерлік сызық пен аймақ немесе шетінің аралықтарын
әрдайым екі бірі бірінен ең ұзақ орналасқан нүктелерде
өлшеңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын
қылшықтарға назар аударыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
Қазақ | 169
1 609 92A 4HE | (09.08.2018)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gcl professional 2-15 g

Inhaltsverzeichnis