Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GSL Professional 2 Originalbetriebsanleitung

Oberflächenlaser
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GSL Professional 2:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-1545-006.book Page 137 Tuesday, June 3, 2014 4:54 PM
Едендік аймақтың айырмашылығын өлшеу үшін, лазер
нысандық тақтаны 10 тексерілетін жайға орнатыңыз.
Лазер нысандық тақтасын сол лазер сызығы лазер
нысандық тақтаның дәл сол негізгі сызығынан өтетін етіп
бұрыңыз. Лазер нысандық тақтаның жоғарғы жағын
жоғарыға немесе төменге лазер нысандық тақтаның ұшы
11 өлшенетін жайда жатқанша жылжытыңыз. Оң лазер
сызығының лазер нысандық тақтасындағы күйінде негізгі
нүкте мен өлшеу нүктесінің биіктіктерінің
айырмашылығын оқу мүмкін.
Егер екі лазер сызықтары едендік аймақта бір біріне
тұрақты бұрышта тұратын болса, онда едендік аймақтың
еңісі бар.
Пайдалану нұсқаулары
 Лазер сызықтарының бүтін ені қапталып тұрғанына
көз жеткізіңіз. Лазер сызықтарының ені қашықтықпен
өзгереді.
Өлшеу құралын тасымалдау
Өлшеу құралын жай тасымалдау үшін қолтұтқаны 3
пайдаланыңыз. Керек болса қолтұтқаны жоғарыға
қайырыңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақтар)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарығын сүзгілейді. Ол
арқылы лазердің қызыл жарығы көз үшін жарқынырақ
болады.
 Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол
лазер сәулесінен қорғамайды.
 Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек 0 °C - 50 °C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Аккумуляторды немесе батареяларды өлшеу
құралымен барлық жұмыстарды (мысалы, орнату,
қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ,
өлшеу құралын тасымалдау және сақтау кезінде
шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию
жарақаттану қауіпін тудырады.
Беттік лазерді тек жинақтағы шабаданда тасымалдаңыз.
Bosch Power Tools
Беттік лазер мен басқару құрылғысын әрдайым таза
ұстаңыз.
Беттік лазер мен басқару құрылғысын суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын
қылшықтарға назар аударыңыз.
Өндіру және бақылау әдістерінің мұқияттылығына
қарамастан, беттік лазер мен басқару құрылғысы бір рет
жұмыс істемесе, Bosch электр құралдарының өкілетті
сервистік орталықтарының бірінде жөндеуге өткізу керек.
Беттік лазер мен басқару құрылғысын өз бетіңізбен
ашпаңыз.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде беттік лазердің немесе басқару
құрылғысының зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім
нөмірін жазыңыз.
Жөндеу қажет болса беттік лазерді шабаданда жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек данғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Пайдаланатын литий-иондық аккумуляторлар қауіпті
тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек.
Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша
құжаттарсыз тасымалдай алады.
Қaзақша | 137
1 609 92A 0L2 | (3.6.14)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gsl professional 2 setRc 2 professional

Inhaltsverzeichnis