Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Vitek VT-4200 R Betriebsanweisung Seite 29

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 11
Ескерту: «Қуыру» режимінен басқа барлық режимдерде пісіру уақытын «Сағаттар» (25)
және «Минуттар» (26) батырмалары көмегімен белгілей аласыз.
8. Пісіру процесін бастау үшін «Старт» батырмасын (29) басыңыз.
Ескерту:
Егер пісіру процесінде апатты электрқорегінің сөнуі болса, құрылғы пісіру бағдарламасының
баптауларын 40 минут бойы сақтайды. Егер қоректендіру 40 минут ішінде қалпына келсе,
құрлығы автоматты жұмысын жалғастырады. Егер электр энергияның апатты сөнуі 40
минуттан асып кетсе, құрылғыны қайта бағдарламалауды жүзеге асырыңыз.
• Пісіру процесінде тағамдардың пісуін байқаңыз, қажет болғанда тағамдарды пластик ожаумен
(15) немесе күюге қарсы қабатпен пайдалануға арналған қалақпен (17) араластырыңыз.
Назар аударыңыз! Буға және майға күйіп қалмау үшін, мультипісіргіш қақпағын (5) ашқанда,
өте сақ болыңыз, Құрлығы үстінен төнбеңіз және қолыңызды тостағанның (4) үстінен
созбаңыз!
Тостағанды (4) тырнай алатын немесе жарықтардың пайда болуына әкеле алатын металл
заттарды пайдаланбаңыз.
Пісіру уақытында мультипісіргіш қақпағын (5) ашпаңыз.
• Пісіру аяқталғаннан кейін, 5 дыбыстық сигнал шығады, құрылғы температураны сақтау
режиміне көшеді, көрсеткіш (21) жанады.
Ескерту: Құрылғы піскен тағамның температурасын 12 сағатқа дейін сақтай алатынына
қарамастан, тамақты бұл режимде көпке қалдыру ұсынылмайды, себебі бұл тағамдардың
бүлінуіне әкелуі мүмкін.
Температураны сақтау режимін тағамдарды ысыту үшін пайдаланбаңыз.
Тағамдарды буға пісіруді аяқтағаннан кейін тағамдарды қолмен шығармаңыз, асханалық
жабдықтарды пайдаланыңыз.
• Белгіленген режимді сөндіру үшін «Стоп/Температураны сақтау» батырмасын (20) басыңыз.
Басқару тақтасының (3) батырмалары
Басқару тақтасының (3) белсенді батырмаларының әр басылуы дыбыстық сигналмен
сүйемелденеді.
«Стоп/Температураны сақтау» батырмасы (20)
Пісіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін құрылғы автоматты температураны сақтау режиміне
көшеді. Сіз өз бетіңізбен температураны сақтау қызметін іске қоса аласыз. Бұл үшін «Стоп/
Температураны сақтау» батырмасын (20) бір рет басыңыз, көрсеткіш (21) жанады, дисплейде
берілген режимде жұмыс істеу уақыты 0:00 бастап көрсетіледі. Температураны сақтау режимінде
тағам 12 сағатқа дейін бола алады. Температураны сақтау режимін сөндіру үшін «Стоп/
Температураны сақтау» батырмасын (20) тағы басыңыз, көрсеткіш (21) сөнеді.
Ескерту: Берілген қызмет тағамдарды ысытуға арналмаған.
«Күріш» батырмасы (22)
Берілген батырма көмегімен сіз күрішті пісірудің қажетті режимін таңдай аласыз: «Жабысқақ
күріш», «Үгілетін күріш» және «Қоңыр күріш». Пісіру уақытын сіз қолыңызбен «Минуттар»
батырмасы (26) көмегімен белгілей аласыз.
Күрішті пісіру
1. Өлшейтін стаканмен күрішиһтің қажетті көлемін өлшеп алыңыз. Күрішті ағын сумен жуыңыз.
Су мөлдір болғанға дейін күрішті жуу қажет.
2. Жуылған күрішті тостағанға салыңыз. Тостағанға өлшейтін стаканшалардың санына сәйкес
келетін бағандағы CUP белгісіне дейін суық судың қажетті көлемін құйыңыз. Қажет болғанда
суық судың көлемін талғамға байланысты сәл көбейтуге болады. Тұздаңыз, дәмдеуіштерді
талғамға байланысты қосыңыз. Қақпақты жабыңыз.
VT-4200.indd 29
29
ҚазаҚ
27.08.2012 12:38:39

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Vt-4200

Inhaltsverzeichnis