Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Vitek VT-4200 R Betriebsanweisung Seite 28

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 11
ҚазаҚ
• Тостағанды тағамдарды араластыруға арналған ыдыс ретінде пайдаланбаңыз. Күюге қарсы
қабаттың бүлінуіне жол бермеу үшін ешқашан тағамдарды тікелей тостағанның ішінде
ұсақтамаңыз.
• Тостағанның ішінде ожауды (15), қалақты (17) және басқа заттарды қалдырмаңыз.
• Тостағандағы тағамдарды тек пластик ожаумен (15) немесе қалақпен (17) ғана араластырыңыз,
не болмаса күюге қарсы қабатпен пайдалануға арналған асханалық жабдықтарды
пайдаланыңыз.
• Тостағанның ішкі жағынан ұрмаңыз.
• Дәмдеуіштері бар тағамдарды пісіріп болғаннан кейін тостағанды дереу жуу керек («Тазалау
және күтімі» тарауын қар.).
Алғашқы пайдалану алдында
1. Құрылғыны ораудан шығарыңыз, құрылғының жұмыс істеуіне кедергі жасайтын кез-келген
жапсырмаларды жойыңыз.
2. Құрылғыны түзу, құрғақ, ыстыққа төзімді бетте, судан, ылғалдан және ашық оттан алшақ
орналастырыңыз. Ең жақын заттарға дейінгі қашықтық 20 см-ден аз болмауы керек.
Назар аударыңыз! Аспапты ванналардың, қолжуғыштардың немесе суға толы басқа
ыдыстардың қасында орналастырмаңыз.
Ескерту: Құрылғыны төмен температура жағдайында тасымалдау немесе сақтау кезінде
оны бөлме температурасында екі сағаттан кем емес уақыт ұстау керек.
3. Мультипісіргіш қақпағын (5) батырмаға (11) басып ашыңыз.
4. Бу қақпағын (6) шешіңіз, содан кейін бекіткіштерге басып (8), қорғаныс экранды (7) шешіңіз.
5. Барлық шешілмелі бөлшектерді (бу қақпағын (6),қорғаныс экранды (7), тостағанды (4), буға
пісіруге арналған табақты (19), ожауды (15), қалақты (17) және өлшейтін стаканшаны (16))
бейтарап жуғыш заты бар жұмсақ ысқышпен жуыңыз, ағын сумен шайыңыз және құрғатыңыз.
6. Құрылғы корпусын дымқыл матамен сүртіңіз. Құрылғыға құрғауға уақыт беріңіз.
7. Қорғаныс экранды (7) және бу қақпағын (6) орнына орнатыңыз.
Мультипісіргішті пайдалану
1. Қажетті құрамдас бөліктерді тостағанға салыңыз.
Ескерту: Құрамдас бөліктер және сұйықтықтар максималды белгі деңгейінен асып кетпеуін
қадағалаңыз. Әртүрлі ботқаларға (күріштен басқаларға) арналған максимум белгісі – ¾, басқа
тағамдар мен сұйықтықтарға арналған максималды деңгей белгісі – «CUP».
2. Тостағанды (4) құрылғының жұмыс камерасына орнатыңыз. Тостаған (4) қисаймай
орнатылғанына және қыздырғыш элементтің (13) бетімен тығыз жанасатынына көз жеткізіңіз.
Ескерту:
Тостағанды (4) жармаларды жуу үшін және тағамдарды турау үшін пайдаланбаңыз, бұл күюге
қарсы қабатты бүлдіруі мүмкін.
Пайдалану алдында, тостағанның (4) сыртқы бетін және түбін құрғатып сүртіңіз. Жұмыс
камерасы мен тостағанның (4) түбінде бөтен заттардың, ластың және ылғалдың жоқ екеніне
көз жеткізіңіз.
Қыздырғыш элементтің (13) ортасында температура бергіші (14) орналасқан. Бергіш (14)
қозғалысы шектелмеуін қадағалаңыз.
3. Тағамдары бар табақты (19) тостағанға (4) салыңыз.
4. Мультипісіргіш қақпағын (5) шыртылға дейін жабыңыз.
5. Желілік бауды ағыпаға (10) қосыңыз, желілік баудың айыртетігін (18) ашалыққа салыңыз.
6. Автоматты пісіру бағдарламасын таңдау үшін дисплейде (2) қажетті бағдарламаға қарсы
бағдар пайда болғанға дейін «Мәзір» батырмасын (27) кезектеп басыңыз, сол кезде іске
қосылу/жұмыс істеу көрсеткіші жанып-сөне бастайды.
7. Ұсынылған бағдарламалардағы пісіру уақыты өзгертілмеген күйде белгіленген, бірақ
белгіленген ауқым шегінде өзгертілуі мүмкін. Пісіру ұзақтығын баптау үшін «Сағаттар» (25)
және «Минуттар» (26) батырмаларымен белгілеңіз.
VT-4200.indd 28
28
27.08.2012 12:38:39

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Vt-4200

Inhaltsverzeichnis