Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti BX 3-L Original Bedienungsanleitung Seite 390

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für BX 3-L:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз.
◁ Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті толығымен жоғалуы мүмкін.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Пайдалануға, күтуге және техникалық қызмет көрсетуге қатысты Пайдалану бойынша нұсқаулықта
басып шығарылған ақпаратты орындаңыз.
▶ Ұқыпты болыңыз, орындап жатқан әрекетке көңіл бөліңіз, жұмыс істеуге ойланып қараңыз. Аспапты
шаршап тұрған күйде немесе есірткілер, алкоголь немесе дәрілер әсерінің астында болсаңыз
пайдаланбаңыз. Өзіңізді жаман сезінсеңіз, аспаппен жұмыс істеуді тоқтатыңыз. Аспаппен жұмыс
істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Қолайсыз қалыпта жұмыс істемеңіз. Әрқашан тік, сенімді ұстаныңыз және тепе-теңдікті сақтаңыз.
▶ Табаны сырғымайтын аяқ киімді пайдаланыңыз.
▶ Бекіту бағыттауышын немесе бекіту элементін ешқашан қолмен артқа тартпаңыз.
◁ Бекіту бағыттауышын немесе бекіту элементін қолмен артқа тартқанда белгілі бір жағдайларда
аспап қолдануға дайындық күйіне келтірілуі мүмкін. Бұл ретте өзіңізге кездейсоқ ату қаупі бар.
▶ Аспапты іске қосу сәтінде қолдарды созып емес, бүгіп ұстаңыз.
▶ Жұмыс аймағында бөгде адамдардың, әсіресе балалардың болуына тыйым салынады.
Электр құралына күтіммен қарау және оны дұрыс пайдалану
ЕСКЕРТУ! Тесіп өткен бекіту элементінен болатын қауіп! Бекіту элементтерін қондыру алдында,
бекіту элементі қондырылатын құрамдас бөлшектің артында немесе астында ешкім тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
▶ Жұмысты бастамас бұрын, астыңғы бетіңізге 2 бекіту элементін үлгі ретінде қондырыңыз.
▶ Жұмысыңыз үшін жарамды аспапты пайдаланыңыз. Оны тек өз мақсаты бойынша және тек дұрыс
күйінде пайдаланыңыз.
▶ Зарядталған аспапты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
▶ Аспапты қорғалған қапта тасымалдау және сақтау керек.
▶ Тазалау, қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының алдында, бекіту
бағыттауышын алмастырған кезде, жұмыс үзілістерінде және (бекіту элементін) сақтау кезінде
аспаптың зарядын әрдайым босатыңыз.
▶ Қолданылмайтын аспаптың зарядын босатып, балалардың қолы жетпейтін құрғақ және жабық жерге
сақтауға қойыңыз.
▶ Аспап пен керек-жарақта зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз. Қозғалмалы бөлшектерде зақымдар
жоқ екенін тексеріңіз. Олар сыналанусыз, еркін қозғалуы керек.
◁ Барлық бөлшектер дұрыс орнатылуы және аспаптың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін барлық
шарттарға сай болуы керек.
болмаса, арнайы Hilti қызмет көрсету орталығында жөндеу немесе ауыстыру керек.
▶ Электрлік сымдарға қондыру алдында астыңғы бетті тексеріңіз.
▶ Бекіту элементтерін жарамсыз астыңғы бетке қондырмаңыз:
◁ Жарамсыз материалдарға дәнекерленген болат пен құйылған болат, шойын, әйнек, мәрмәр,
пластик, қола, жез, мыс, оқшаулағыш материал, қуыс кірпіш, керамикалық кірпіш, жіңішке
жалпақ металл (< 4 мм) және газбетон жатады. Мұндай материалдарға қондырған жағдайда,
бекіту элементі сынуы, материал бұзылуы немесе тесіліп қалуы мүмкін.
▶ Пистолеттің тартпасына тек аспап негізге басылған кезде басыңыз.
▶ Бекіту элементінің астыңғы беттен ауытқып кетуін болдырмау үшін, қондыру барысында қондыру
құралын әрдайым астыңғы бетке қарай тіке ұстаңыз.
▶ Тұтқыштарды таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз.
▶ Ешқашан аспапты құлатпаңыз.
▶ Қорапты тұтқыш ретінде пайдаланбаңыз.
▶ Арнайы рұқсат берілмеген болса, аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар жерлерде қолданбаңыз.
▶ Бар саңылаулардың ішіне Hilti компаниясы ұсыныс бергеннен басқа (мысалы, DX-Kwik) ешқандай
элементтер салмаңыз.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс алаңында тәртіпті сақтаңыз. Жұмыс ортасын жарақаттауы мүмкін нысандардан бос күйде
сақтаңыз.
◁ Жұмыс орнын ұқыпсыз ұстау жарақаттану тәуекелін көбейтеді.
▶ Жұмыс орнын жақсы жарықпен және ауа алмасумен қамтамасыз етіңіз.
Механикалық сақтық шаралары
▶ Аспапта, әсіресе піспекте қандай да бір манипуляциялар жасауға немесе өзгертулер енгізуге тыйым
салынады.
384
Қазақ
Printed: 19.07.2018 | Doc-Nr: PUB / 5376263 / 000 / 01
Зақымдалған бөлшектерді осы нұсқаулықта басқа нұсқаулар
2180111
*2180111*

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis