Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Жұмыс Уақытында - Viking MB 3 RT Gebrauchsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– қауіпсіздік құрылғылары
(мысалы, қозғалтқышты тоқтату
тұтқасы, корпус, лақтырманың
қақпағы, бас тұтқа, қорғаныш торы)
қалыпты күйінде екендігін жəне
тиісінше жұмыс істеп тұрғанын.
– майлы бекітпе қақпағының дұрыс
бұрап бекітілгенін.
Қажет болса, барлық қажетті
жұмыстарды орындаңыз немесе
делдалға хабарласыңыз. VIKING
компаниясы VIKING делдалдарын
ұсынады.
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды. Əсіресе, стоп-мотор
тұтқасын басқаратын тұтқаға бекітпеу
керек (мысалы, байлау арқылы).
Лақтырманың бүйірлік жұмыс күйінде
лақтырманың қақпағын толығымен ашу
жəне бұрандалы тығынмен нығайту
керек.
Назар аударыңыз – жарақат
алу қаупі бар!
Айналатын бөліктердің үстіне
немесе астына қолдарды
немесе аяқтарды салмаңыз.
Айналмалы пышақты ешқашан
ұстамаңыз.
Жұмыс істеп тұрған шапқыштан əркез
қауіпсіз қашықтықта тұрыңыз. Бас
тұтқасы тиісті тұрпатта монтаждалуға
тиіс, құрылымына еш өзгеріс енгізуге
502
болмайды. Бас тұтқасы жиналған
көгалшапқышты ешқашан
қолданбаңыз.
Шапқыш пышақ жұмыс істеп тұрған
кезде, лақтырманың қақпағын ешқашан
ашпаңыз немесе жаппаңыз. Айналып
жатқан пышақ жарақаттануға əкелуі
мүмкін.
Ешбір жағдайда заттарды меңгерікке
қыстырмаңыз (мысалы, жұмыс киімін).
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Пайдаланылып болған газ:
Улану арқылы өлім қауіп-қатері
бар!
Жүрегіңіз айныған, бас ауырған,
көру қабілетіңіз нашарлаған
(мысалы, көру ауқымы азайса),
есту қабілетіңіз нашарласа,
басыңыз айналса, зейін қою
қабілеті төмендесе, жұмысты
дереу тоқтатыңыз. Бұл
симптомдар жанатын өнімдердің
жоғары мөлшеріне байланысты
болуы мүмкін.
Қозғалтқыш əзірше істеп
тұрғанша құрылғы
пайдаланылып болған газды
шығарады. Бұл газдардың
құрамында улы көміртегінің қос тетігі,
түссіз жəне иіссіз газ, жəне басқа да
зиянды заттар бар. Қозғалтқышты
жабық жəне нашар желдетілетін үй-
жайларда ешқашан да қосуға
болмайды.
Іске қосу:
«Қолданысқа енгізу» бөлімінің
нұсқауларын сақтай отырып, шапқышты
абайлап қосыңыз. (
11.)
Аяқтарыңыз кескіш құрал-сайманнан
едəуір қашықтықта болғанын байқап
тұрыңыз.
Бастау кезінде құрылғыны аударуға
болмайды.
Іске қосқан кезде қозғалғыш механизм
жетегінің доғасын ұстауға болмайды.
Еңістерде жұмыс істеу:
Еңіс жерде тек көлденең бағытта
қозғалуға болады, бірақ бойлай
қозғалмаңыз.
Егер пайдаланушы, еңістің бойымен
көгалшапқышпен қозғалған кезде, оны
басқара алмай қалған болса, шапқыш
оны аяқтан жығуы мүмкін.
Еңіс жерлерде шабу кезінде,
қозғалыстағы тұрақтылықты жақсарту
үшін алдыңғы дөңгелекті бекітіңіз.
Егер Сіз қозғалыс бағытын жүріп жатқан
кезде өзгертетін болсаңыз, өте сақ
болыңыз.
Еңіс жерде жұмыс істеген кезде
шапқыштың орнықтылығын байқап
тұрыңыз, өте еңіс жердегі шөпті
шаппаңыз.
Қауіпсіздік түсінігіне орай, құрылғымен
25° (46,6 %) жоғары болатын еңіс жерде
жұмыс істеуге болмайды. Жарақат алу
қаупі бар!
0478 111 9908 N - KK

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Mb 3 rcMb 3 rtx

Inhaltsverzeichnis