Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қазақша; Маңызды Ақпарат - Philips RQ1260 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RQ1260:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

ҚазаҚша
112
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетінде тіркеңіз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығын оқуыңызды өтінеміз. Мұнда осы электр ұстараның мүмкіндіктері туралы ақпарат, сондай-ақ, қырынуды
жеңіл әрі жағымды ететін кеңестер берілген.
Жалпы сипаттама (cурет 1)
A Электр ұстара (RQ1290/RQ1280/RQ1260/RQ1250)
1
Триммер
2
Триммерді қосу/өшіру сырғытпасы
3
Қыру бөлігі
4
Қорғауыш қақпақ
5
Электр ұстара
6
Электр ұстараны қосу/өшіру түймесі
7
Дисплей
B Зарядтағыш
C Jet Clean жүйесі (RQ1008/RQ1007) (тек кейбір үлгілерде болады)
1
Электр ұстараның ұстағышы
2
«Тазалау орны бос» белгісі
3
Тазалау белгісі
4
Кептіру белгісі
5
Jet Clean жүйесін қосу/өшіру түймесі (тек RQ1008 үлгісінде болады: жоғары/төмен жылжу түймесі бағдарлама таңдауға арналған)
6
Тазалау орнын босату түймесі
D Тазалағыш щетка
E
Тазалау сұйықтығы
F
Қалта
G Адаптер
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны анықтамалық құрал ретінде сақтап қойыңыз.
Ескертпе: Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы «құралдар» сөзі электр ұстара мен Jet Clean жүйесін білдіреді. Электр ұстараның Jet Clean
жүйесі болмаса, бұл сөз тек ұстараның өзін білдіреді.
Жалпы ақпарат
Қауіпті
-
Адаптердің суланбауын қадағалаңыз (Cурет 2).
абайлаңыз!
-
Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, себебі бұл өте
қауіпті жағдай туғызады.
-
Бұл құралдар қозғалыс, есту-көру не ой қабілеті шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде
балалардың) қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құралдарды пайдалану туралы нұсқауынсыз қолдануына
арналмаған.
-
Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
-
Құралдарды тазалағанда сақ болыңыз. Қолыңызды күйдіріп алмас үшін әрдайым судың өте ыстық еместігін тексеріп отырыңыз.
Ескерту
-
Jet Clean жүйесін және зарядтағышты суға батырмаңыз және ағынды сумен шаймаңыз.
-
Құралдар мен керек-жарақтарды ыдыс жуғышта жууға болмайды.
-
Құралдарды тек су өткізбейтін бетте ұстап, қолданыңыз.
-
Құралдарды тек 5-35 °C температурада зарядтауға, қолдануға және сақтауға болады.
-
Тек берілген қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
-
Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге түрлендіреді.
-
Зақымдалған құралдарды пайдаланбаңыз.
-
Егер адаптер немесе керек-жарақтардың біреуі зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек түпнұсқа түрімен ғана
алмастырыңыз.
-
Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен су ағуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
Jet clean жүйесі (тек кейбір үлгілерде болады)
Ескерту
-
Jet Clean жүйесін тек түпнұсқалы HQ200 тазалау сұйықтығымен қолданыңыз.
-
Сұйықтықтың ағып кетуін болдырмау үшін, Jet Clean жүйесін тек тұрақты, тегіс және көлденең бетке қойыңыз.
-
Jet Clean жүйесін суға батырмаңыз.
-
15 күн сайын тазалау орнының ішін босатып, ағынды сумен шаю арқылы жақсылап тазалап тұрыңыз.
-
Jet Clean жүйесі электр ұстараны жақсылап тазалайды, алайда дезинфекцияламайды, сондықтан оны басқа адамдармен бірігіп
қолданбаңыз.
-
Jet Clean жүйесінің тазалау орнын ыдыс жуғышта жууға болмайды.
-
Jet Clean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалау сұйықтығы ағып кетпеуі үшін, жүйені қозғалтуға болмайды.
стандарттарға сәйкестігі
-
Осы электр ұстара халықаралық, мақұлданған қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келеді, сондықтан оны жуыну бөлмесінде немесе душта
қолдану және ағынды сумен шаю қауіпсіз болып есептеледі (Cурет 3).

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Rq1280Rq1250Rq1290

Inhaltsverzeichnis