Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Кедергілер Болғанда Көмек Алу - Kärcher FC 5 Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für FC 5:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Сурет
-
Сурет
 Кір су багын бұйымнан алыңыз.
"Кір су багын босату" тарауын қараңыз.
 Қақпақты/айырғышты жəне кір су багын құбыр
суымен тазалаңыз.
 Кір су багын ыдыс-аяқ жуатын машинада да
тазалауға болады.
Сурет
 Тазалаған соң, кір су багын қақпағымен бірге
қайтадан бұйым ішіне салыңыз.
Жабдықтарды күту
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуу машинасында тазалаған кезде,
кондиционерді қолданбаңыз. Сөйтіп
микроталшықтар зақымдалмайды жəне
тазалағыш білікшелер өзінің жоғары тазалау
өнімділігін сақтап тұрады.
Тазалағыш білікшелерді кептіргіште кептіруге
болмайды.
 Ластанған тазалағыш білікшелерді кір жуғыш
машинада 60 C температурада жуыңыз.
Тазалағыш жəне күтімге арналған заттар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жарамсыз тазалағыш жəне күтімге арналған
заттарды қолдану бұйымға зақым келтіруі жəне
кепілдік күшінің жойылуына апарып соғуы мүмкін.
Нұсқау
Қажетінше еденді тазалау үшін KÄRCHER
тазалағыш немесе күтімге арналған заттарын
қолданыңыз.
 Тазалағыш жəне күтімге арналған заттарды
мөлшерлеген кезде, өндірушінің мөлшер
бойынша нұсқауларын орындаңыз.
 Көбіктің пайда болуын болдырмау үшін, таза су
багын алдымен сумен, ал содан кейін
тазалағыш жəне күтімге арналған затпен
толтырыңыз.
 Таза су багының "MAX" толтыру көлемінен
асырмау үшін, су құйған кезде тазалағыш жəне
күтімге арналған заттың мөлшері үшін орын
қалдырыңыз.
Кедергілер болғанда көмек алу
Кемшіліктердің себебін астыда көрсетілген тізімге
сəйкес Өзіңіз жоя алуыңыз мүмкін. Күдікті
жағдайларда немесе осында аталған емес себебі
жағдайларда Қызмет Көрсету бөлімінің арнайы
мамандарымен хабарласыңыз.
Таза сумен біліктерді ылғалдау жоқ
Сүзгіш элемент салынбаған.
Сурет
 Таза су багын алып тастап, сүзгіш элементті
резеңке өзекпен жоғары қарай орнатыңыз.
Сүзгіш элемент жоғарғы жағымен төмен
орнатылады.
 Сүзгіш элементті алып тастап, резеңке өзекпен
жоғары қарай орнатыңыз.
Бұйым кірді кетірмейді
Су багында су жоқ.
 Суды толтырып құйыңыз.
Таза су багы бұйымға дұрыс орнатылмаған.
 Таза су багын бұйымда берік орнатылатындай
етіп салыңыз.
Тазалағыш білікшелер жоқ немесе дұрыс
орнатылмаған.
Сурет
 Тазалағыш білікшелерді салып қойыңыз да,
тазалағыш білікшелерді тірелгенше білікше
бекіткішіне бұрап бекітіңіз.
Тазалағыш білікшелер ластанған немесе тозған.
 Тазалағыш білікшелерді тазалап шығыңыз.
немесе
 Тазалағыш білікшелерді ауыстырыңыз.
Сорғыш бастиекте салдырлайтын шуыл
Сорғыш бастиекке бөліктер (мысалы, тастар немесе
сынықтар) түсті.
Сурет
 Сорғыш бастиек қақпағын алып, сорғыш
бастиекті тазалаңыз.
"Сорғыш бастиекті тазалау" тарауын қараңыз.
Сору күші төмендеді
Сору каналдары жəне сорғыш бастиектің қуыстары
бітеліп қалды.
Сурет
 Сорғыш бастиек қақпағын алып, сорғыш
бастиекті тазалаңыз.
"Сорғыш бастиекті тазалау" тарауын қараңыз.
Бұйымнан кір су шығып кетті
Кір су багы шамадан артық толтырылған.
Сурет
-
Сурет
 Кір су багын бірден босатыңыз.
"Кір су багын тазалау" тарауын қараңыз.
Кір су багы бұйымға дұрыс орнатылмаған.
 Қақпақтың кір су багына берік орнатылғанын
тексеріңіз.
"Кір су багын тазалау" тарауын қараңыз.
Айырғыш бітеліп қалды.
 Кір су багынан қақпақты алып тастаңыз жəне
айырғышты тазалаңыз.
"Кір су багын тазалау" тарауын қараңыз.
Тазалау кезінде лас суға арналған бак сепараторы
сүзгісінің торы зақымдалды.
 Сепараторды ауыстырыңыз.
Бұйым өз артынан іздер қалдырады
Тазалағыш жəне күтімге арналған зат бұйым үшін
жарамайды немесе қате мөлшерленген.
 Өндірушімен ұсынылған тазалағыш жəне
күтімге арналған затты қолданыңыз.
"Тазалағыш жəне күтімге арналған заттар"
тарауын қараңыз.
 Өндірушінің мөлшерлеу бойынша нұсқауларын
орындаңыз.
– 12
KK
естіледі
225

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Fc 5 premium

Inhaltsverzeichnis