Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch 3 601 K81 3 Series Originalbetriebsanleitung Seite 108

Universel detektor
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 8
OBJ_BUCH-2149-003.book Page 108 Wednesday, October 12, 2016 12:52 PM
108 | Қaзақша
 Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал
қауіпсіздігін сақтайсыз.
 Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын
пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып,
шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
 Өлшеу құралы технологияға байланысты ретте жүз
пайыздық кепілдікті қамтамасыз етпейді.
Қауіптерді алып тастау үшін әр қабырға, төбе
немесе еденді бұрғылау, аралау немесе
фрезерлеуден алдын құрылыс жоспары, құрылыс
фазасындағы фотосуреттер т.б. сияқты басқа
ақпарат көздерінен пайдаланыңыз. Ауа ылғалдығы
немесе электр аспаптарға жақындық сияқты қоршаған
орта әсерлері өлшеу құралының дәлдігіне әсер етуі
мүмкін. Қабырғалардың сипаты мен күйі (мысалы,
ылғал, метал қамтитын құрылыс заттары, тоқ өткізетін
кілемдер, оқшаулау материалдары, плиткалар) және
нысандардың саны, түрі, өлшемі мен күйі өлшеу
нәтижелеріне әсер етеді.
Аккумуляторды пайдалану және күту
 Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
 Электр құралдарына арналған аккумуляторларды
ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
 Аккумулятор жинағын ашпаңыз. Қысқа тұйықталу
қаупі бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қауіпі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда
аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден
қорғалған болады.
1 609 92A 212 | (12.10.16)
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы қабырға, төбе мен едендерде нысандарды
ісдеуге арналған. Табандың материалы мен күйіне байланы-
сты метал нысандарын, ағаш балкаларын, су толтырылған
пластик құбырларын, сым және кабельдерді табу мүмкін.
Өлшеу құралы шектік мәндерді EN 55011 бойынша алады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
1 Белгілеу көмегі жоғарыда
2 Жарық диоды
3 Дисплей
4 Белгілеу көмегі солда немесе оңда
5 Сигнал дыбысы пернесі
6 Қосу-өшіру түймесі
7 Жұмыс түрі бетон пернесі
8 Жұмыс түрі әмбебап пернесі
9 Жұмыс түрі гипсокартор пернесі
10 Ұстау аймағы
11 Аккумулятор немесе AA батарея адаптерін салу орны
12 Аккумулятор/батарея адаптерінің босату пернесі
13 Аккумулятор*
14 Сенсор аймағы
15 Сериялық нөмір
16 Батарея адаптерінің құлыптау қақпағы*
17 Батарея адаптерінің орамы*
18 AA1 батарея адаптері
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Индикаторлық элементтер
a "Тоө өткізетін сым" нысан түрінің индикаторы
b Батарея көрсеткіші
c Өшірілген сигнал дыбысы индикаторы
d "Радиотолқындар арқылы ақаулық" индикаторы
e Акуумулятор температурасын бақылау индикаторы
f Ескерут функциясының индикаторы
g "Қызмет көрсету керек" индикаторы
h Өлшем индикаторы
i "Орта қиылыс" нысан ортасының индикаторы
j Әрекет индикаторы
k Нысан ортасын анықтау үшін бағытталу көрсеткілері
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

D-tect 120

Inhaltsverzeichnis