Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Dreame Matrix10 Pro Benutzerhandbuch Seite 446

Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 24
Ескертпе:
KK
• Ақау туындамас үшін үш бөлімшеге
арналған ерітінділерді араластырмаңыз да,
ауыстырмаңыз да.
• Ерітіндіні автоматты түрде мөлшерлеу модулін
пайдалану үшін толтыруға болады. Ақауға
жол бермеу үшін ресми түрде құпталмаған
сұйықтықты қосуға болмайды.
• Ерітіндіні автоматты түрде мөлшерлеу модулін
орнына сырт еткізіп орнатыңыз.
• Негізгі станцияның есігін жаппаңыз, себебі бұл
еден жуғыш жинақтардың құлап кетуіне әкелуі
мүмкін.
8. Таза су сауытына су құйыңыз
Таза су сауытын негізгі станциядан шығарып
алыңыз және сауытты таза сумен толтырыңыз.
Содан кейін оны қайтадан негізгі станцияға
орнатыңыз.
Ескертпе: Су сауытына ыстық су құймаңыз, себебі
бұдан сауыт деформациялануы мүмкін.
C-1 суреті-C-8 суреті
440
Пайдалану әдісі
D
Қосу/өшіру
Роботты қосу үшін, 3 секунд басып, ұстап
тұрыңыз. Қуат индикаторы жанған күйде
қалады. Немесе роботты негізгі станциясына
роботтың қуаттау түйіспелерін негізгі станциямен
сәйкестендіріп орнатыңыз, содан кейін робот
автоматты түрде қосылып, зарядтауды бастайды.
Роботты өшіру үшін роботты негізгі станциясынан
алыстатып, қуат түймесін 3 секунд басып, ұстап
тұрыңыз.
Картаны жедел жасау
Байланыс желісін алғаш рет теңшеуден кейін
картаны жедел жасау үшін қолданбадағы
нұсқауларды орындаңыз. Робот тазалаусыз
картаны жасай бастайды. Робот негізгі станцияға
оралғанда, карта жасау процесі аяқталады және
карта автоматты түрде сақталады.
Кідіріс/ұйқы режимі
Робот қосылып тұрғанда оны кідірту үшін кез
келген түймені басыңыз.
Егер робот 10 минуттан артық кідірісте тұрса, ол
автоматты түрде ұйқы режиміне өтеді. Роботтағы
барлық индикаторлар сөнеді. Роботты ояту үшін
роботтағы кез келген түймені басыңыз немесе
қолданбаны пайдаланыңыз.
Ескертпе: Егер робот кідіріс режиміне қойылып,
негізгі станцияға орнатылса, ағымдағы тазалау
процесі аяқталады.
Тазалауды автоматты түрде жалғастыру
Егер батарея заряды тым аз болса, робот
зарядталу үшін автоматты түрде негізгі
станцияға оралады. Батарея жеткілікті көлемде
зарядталғаннан кейін, ол аяқталмаған тазалау
тапсырмаларын орындауды жалғастырады.
Ескертпе: Бұл функцияны пайдалану үшін оны
қолданбада қосыңыз.
Мазаламау (DND) режимі
Робот Мазаламау (DND) режиміне ауыстырылғанда,
робот тазалауды жалғастыра алмайды. DND режимі
әдетте зауытта өшіріледі. Қолданба арқылы DND
режимін қоса аласыз немесе DND мерзімін өзгерте
аласыз. Әдетте DND мерзімі сағат 22:00 пен 8:00
аралығына қойылады.
Ескертпе:
• Жоспарланған тазалау тапсырмалары DND
мерзімінде әдеттегідей орындалады.
• Робот DND мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтаған
жерінен тазалауды жалғастырады.
Роботты қайта қосу
Егер робот жауап бермесе немесе оны өшіру
мүмкін болмаса, оны мәжбүрлеп өшіру үшін қуат
түймесін басып 10 секунд ұстап тұрыңыз. Содан
Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Rlm61he

Inhaltsverzeichnis