Herunterladen Diese Seite drucken

Қосалқы Бөлшек (Жинақтаушы) Және Құрал-Жабдықтар - Stihl Rma 235.1 Gebrauchsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RMA 235.1:
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
20 Қосалқы бөлшек (жинақтаушы) және құрал-жабдықтар
19.5
Ұсынылатын температура
диапазондары
Көгалшапқыш пен аккумулятордың оңтайлы
жұмыс істеуі үшін келесі температура
диапазондарын сақтаңыз:
– Зарядтау: + 5 °C-тан + 40 °C-қа дейін
– Қолдану: - 10 °C-тан + 40 °C-қа дейін
– Сақтау: - 20 °C-тан + 50 °C-қа дейін
Аккумулятор ұсынылған температура
диапазондарынан тыс зарядталса,
пайдаланылса немесе сақталса, жұмыс
өнімділігі төмендеуі мүмкін.
Аккумулятор ылғал немесе дымқыл болса,
оны кемінде 48 сағат бойы +15 °C-тан жоғары
және +50 °C -тан төмен температурада және
ауаның ылғалдылығы 70%-дан төмен ортада
кептіріп ұстаңыз. Ауа ылғалдылығының
жоғары болуы кептіру уақытын ұзартуы
мүмкін.
19.6
Шуыл және діріл
көрсеткіштері
Дыбыстық қысым деңгейінің K мәні 3 dB(A)
құрайды. Дыбыстық қуат деңгейінің K мәні
2,5 dB(A) құрайды. Діріл көрсеткішіне
арналған K мәні 0,9 м/с² құрайды.
– Дыбыстық қысым деңгейі L
EN IEC 62841-4-3 стандарты бойынша
есептелген: 76 dB(A)
– Кепілді дыбыстық қуат деңгейі L
2000/14/EC / S.I. 2001/1701 стандарты
бойынша есептелген: 90 dB(A)
– Діріл көрсеткіші a
hv
стандарты бойынша есептелген, бас тұтқа:
1,80 м/с²
Көрсетілген діріл көрсеткіштері
стандартталған сынақ процедурасы бойынша
есептелген және электрлік құрылғыларды
салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Нақты
пайда болатын діріл көрсеткіштері қолдану
түріне қарай берілген мәндерден ауытқуы
мүмкін. Көрсетілген діріл көрсеткіштері діріл
жүктемесін бірінші бағалау үшін
пайдаланылуы мүмкін. Нақты діріл жүктемесі
бағалануы тиіс. Бұл ретте электр құрылғысы
өшірулі тұрған уақыт және құрылғы қосулы
күйде, алайда жүктемесіз жұмыс істеп тұрған
уақыт ескерілуі мүмкін.
Діріл бойынша 2002/44/EC кәсіпкер
директивасына және S.I. 2005/1093
стандартына сәйкестік туралы ақпарат
0478-131-9868-B
pA
WAd
EN IEC 62841-4-3
www.stihl.com/vib сілтемесі бойынша
қолжетімді.
19.7
REACH
REACH дегеніміз химикаттарды тіркеуге,
бағалауға және жіберуге арналған ЕҚ
қаулысы дегенді білдіреді.
REACH қаулысын орындауға арналған
ақпарат төменде келтірілген www.stihl.com/
reach көрсетілген.
19.8
Белгіленген қызмет ету
мерзімі
Толықтай белгіленген қызмет ету мерзімі
30 жылға дейін құрайды.
Белгіленген қызмет ету мерзімінде қолдану
нұсқаулығының талаптарына сәйкес жүйелі
түрде техникалық қызмет және күтім көрсету
өткізіледі.
20 Қосалқы бөлшек
(жинақтаушы) және
құрал-жабдықтар
20.1
Қосалқы бөлшектер және
құрал-жабдықтар
Бұл нышандар STIHL түпнұсқалы
қосалқы бөлшектері мен STIHL
түпнұсқалы құрал-жабдықтарын
білдіреді.
STIHL компаниясы STIHL түпнұсқалы қосалқы
бөлшектері мен STIHL түпнұсқалы құрал-
жабдықтарын қолдануды ұсынады.
Нарықты ағымдағы зерттеуге қарамастан,
STIHL компаниясы басқа өндірушілердің
қосалқы бөлшектері мен керек-жарақтарын,
олардың сенімділігін, қауіпсіздігі мен
жарамдылығын бағалай алмайды, осыған
байланысты STIHL компаниясы оларды
пайдалану үшін жауапкершілікті көтермейді.
STIHL түпнұсқалы қосалқы бөлшектері және
STIHL түпнұсқалы құрал-жабдықтары STIHL
мамандандырылған дилері тарапынан
жеткізіледі.
20.2
Маңызды қосалқы бөлшектер
– Пышақ: 6311 702 0110
– Пышақ бұрандасы: 9018 321 1800
– Қармау: 6311 702 0600
қазақ
355
loading