Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher K 2 Premium Horizontal Bedienungsanleitung Seite 123

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Боялған немесе сезімтал беттердің
зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған
жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған
жағдайда беттері зақымдалады.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем
емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал
беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
1. Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз
жəне оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Сурет G
2. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан
ашыңыз.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
Тазалау құралдарымен пайдалану
ҚАУІП
Техникалық төлқұжатты сақтамау
Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған
жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық
төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары
бойынша нұсқауларды қараңыз.
Нұсқау
KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс
істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат
етіңіз немесе біздің каталогты немесе тазалағыш
заттар туралы ақпараттық парақтарымызды
сұраңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде
араластыруға болады.
1. Корпустан жуғыш құралға арналған сору
құбыршегінің талап етілетін ұзындығын
тартыңыз.
Сурет H
2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш
құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
3. Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
4. Тетікті «SOFT» күйіне тірелгенше бұраңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су
ағысына араластырылады.
Ұсынылатын жуу тəсілі
1. Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке
шашыңыз жəне сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
2. Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен
шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
1. Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып
тастаңыз.
Жұмысты тоқтату
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде
жоғары қысым қалады.
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Сурет I
3. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде
құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жұмыстың аяқталуы
АБАЙЛАҢЫЗ
Жүйедегі қысым
Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу
Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды
тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд
бойы басып тұрыңыз.
Жүйеде қалған қысым тасталады.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
6. Құрылғыны су құбырының желісінен
ажыратыңыз.
7. Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
8. Желі істікшесін токтан ажыратыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу жəне құрылғыны зақымдау қаупі
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын
ескеріңіз.
Құрылғыны көшіру
1. Құрылғыны тұтқасынан көтеріңіз жəне көшіріңіз.
Автомобильмен тасымалдау
1. Құрылғыны қисаймайтындай жəне
құламайтындай етіп бекітіңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу жəне құрылғыны зақымдау қаупі
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын
ескеріңіз.
1. Желілік байланыстырғыш кабельді желілік
байланыстырғыш кабельге арналған сақтау
орнының айналасына ораңыз жəне қысқышпен
бекітіңіз.
2. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
3. Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді
пистолеттен ажыратыңыз.
4. Шүмекті жоғары тегеурінді пистолеттен
ажыратыңыз.
5. Керек-жарақтарды құрылғыға орналастырыңыз:
a Vario Power ағынды құбырын ағынды
құбырларға арналған сақтау орнына бекітіңіз.
b Фрезалары бар ағынды құбырды ағынды
құбырларға арналған сақтау орнына бекітіңіз.
c Жоғары қысымды пистолетті сақтау орнына
салыңыз.
Сурет J
6. Жоғары тегеурінді құбыршекті құрылғыдан
ажыратыңыз.
7. Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді
құбыршек ілгегіне іліңіз.
Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды, Күтім
жəне техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.
Қазақша
Тасымалдау
Сақтау
Құрылғыны ұстау
123

Werbung

loading