Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GKE Professional 35 BCE Originalbetriebsanleitung Seite 244

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKE Professional 35 BCE:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 8
OBJ_BUCH-716-006.book Page 244 Wednesday, August 17, 2016 3:54 PM
244 | Қaзақша
Ағашты кернеу астында арамен кесу
(H суретін қараңыз)
 Кернеу астында тұратын ағаш өнімдерін,
бұтақтарды және ағаштарды арамен кесу
жұмыстары тек қана арнайы білімі және тәжірибесі
бар мамандар арқылы өткізілуі тиіс. Аса сақ
болуыңыз қажет. Жазатайым апаттардың қауібі
артады.
Ағаш өзіңіз тұрған жерде екі жағынан жатса, алдымен
жоғарыдан (Y) ағаш діңгегі бойы диаметрінің үштен бір
бөлігін арамен кесіңіз, одан кейін, ағаш уатылуы мен
ұшықтардың пайда болуы мен шынжырлы араның
қысылып қалуына жол бермеу үшін төменінен (Z) дәл сол
жерде ағаш діңгегін кесіп тастаңыз. Ара шынжыры жер
қыртыспен жанасып түртіп кетуіне жол бермеңіз.
Ағаш тек қана бір жағыңыздан жатса, алдымен астынан (Y)
диаметрінің үштен бір бөлшегін жоғарыға қарай кесіп,
одан кейін, ағаш уатылуы мен ұшықтардың пайда болуы
мен шынжырлы араның қысылып қалуына жол бермеу
үшін жоғарыдан (Z) дәл сол жерде ағаш діңгегін кесіп
тастаңыз.
Ағаштарды кесіп шабу (I суретін қараңыз)
 Жоғарыдан түсіп жататын бұтақтарынан сақтану
үшін әрқашан қорғау шлемін киіп жүріңіз.
 Шынжырлы арамен тек қана діңгек диаметрі
шапқы ұзындығынан аз болатын ағаштарды кесіп
шабуға болады.
 Жұмыс аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.
Ағашты () кесіп шабу айналасында ешбір
адамдар немесе жануарлардың жоқ болуын
тексеріңіз.
 Қысылып қалған ара шынжырын оның
қозғалтқышы жүріп тұрғанда босатпаңыз.
Қысылып қалған ара шынжырын босату үшін ағаш
сынасын қолданыңыз.
Ағаш екі немесе бірнеше адамдар арқылы кесіліп
шабылғанда арамен кесіп тұрған және қиып тұрған
адамдар арасындағы аралық кесіліп шабылатын ағаштың
биіктігінен екі есе үлкенірек болу керек. Ағаштарды кесіп
шабу барысында басқа адамдарға ешбір қауіп
түспейтіндігіне, ешбір инженерлік коммуникациялық
жүйелерді түртіп бұзбауына және ешбір шығын
шықпайтынына назар аудара отырып әрекет етіңіз. Егер
жұмыс барысында бір ағаш инженерлік
коммуникациялық жүйелерінің бірімен жанасып қалған
жағдайда энерг қуатпен қамтамасыз ететін мекемені бұл
туралы дереу хабардар ету қажет.
Арамен кесу жұмыстарын еңкіш жерлерді өткізгенде
шынжырлы араны қолданушы сол аймақта кесіліп
құлатылатын ағаштан жоғарырақ болған жерде тұруы
қажет, себебі ағаш, кесіп шабылғаннан кейін, жоғарыдан
төменге қарай домалап түсуі мүмкін.
Ағашты кесіп құлату алдынан алдымен қашу жолы ()
жобаланып, керек болса, босатылып қойылуы қажет.
Қашу жолы болжамдалған ағаш құлату жолынан бастап
қиғаш жүріп, төменге қарай бағытталуы тиіс.
1 609 92A 36B | (17.8.16)
Ағашты кесіп құлату алдынан ағаштың табиғи бейімділігін,
үлкенірек бұтақтардың орналасуы мен жел бағытына
назар аудару қажет.
Кір пен ласты, тастарды, бос қабықтарын, тікендер мен
шегелерді, тоғындар мен сымдарды ағаштан алып тастау
керек.
Кертік жасау: Ағашты кесіп құлату бағытына қарай оң
жақтағы бұрышында арамен тереңдігі ағаш диаметрінің
1/3 сай болатын бір кертік (X–W) кесіп жасаңыз.
Алдымен төменгі көлденең кертігін жасаңыз. Бұл әрекет
арқасында ара шынжырының қысылып қалуына немесе
екі кертікті жасағанда бағыттап жүргіду шинасының
қысылып қалуына жол берілмейтін болады.
Арамен тілу кертігін жасау: Арамен тілу кертігін (Y)
көлденең кертік үстінен ең азында 50 мм биігірек
жасаңыз. Арамен тілу кертігін көлденең кертікке қатарлас
қылып жасаңыз. Арамен тілу кертігін топса ретінде
қолдана алынатын бір маңдайшы (кесіп құлаты
жаңыршағы) тұрып қалатындай ғана тереңдікте арамен
кесіңіз. Осы маңдайшы арқасында ағаштың айналып, қате
бағытта құлап түсуіне жол берілмейтін болады.
Маңдайшыны арамен бөліп кесіп жібермеңіз.
Басты аралау планкаға жақындағанда ағаш құлауы керек.
– Егер ағаш керекті жаққа құламаса немесе кері кетіп,
ара шынжыры қысылса, аралауды тоқтатып,
шынжырлы араны өшіріңіз. Кесікті ашу және ағашты
керекті бағытта еңкейту үшін ағаш, пластик немесе
алюминийден жасалған сыналарды (Z)пайдаланыңыз.
– Егер ағаш кесік планкаға жақындағанда құлай
бастамаса, араны кесіктен шығарып, ағашты сынаны
(Z) қағып, көлденең күйге апарыңыз.
Егер ағаш құлай бастаса (егер орындалмаған болса),
араны кесіктен шығарып, араны өшіріңіз де, ағашты алып
қойыңыз. Қауіпті ортадан жоспарланған жолмен кетіңіз.
Түсетін бұтақтардан сақтаныңыз, құлап кетпеңіз.
Ағаштан бұтақтарды кесіп алу (K суретін қараңыз)
Ағаштан бұтақтарды кесіп алу ұғымы шабылып құлатылған
ағаштан бұтақтарды арамен кесіп алуды білдіреді.
Ағаштан бұтақтарды кесіп алу барысында ағашты тіреп
тұратын үлкенірек, төменге қарай бағытталған бұтақтар
кесілмей ағашта қалдырылады. Кішірек бұтақтарды
суретте көрсетілгендей бір кесу әрекеті арқылы кесіп
бөліп алыңыз. Кернеу астында тұратын бұтақтарды, ара
шынжырының қысылып қалуын болдырмау үшін,
төменнен жоғарыға қарай арамен кесуіңіз лазым.
Ағаш діңгектерін бөренелерге бөліп кесуn L–O
суреттерін қараңыз)
Бұл ұғым кесіліп құлатылған ағашты бөлшектерге бөлуді
білдіреді. Өзіңіздің тұрақты түрде тұруыңызға және дене
салмағыңыздың екі аяғыңызға тепе-тең бөлініп
таратылуына назар аударыңыз. Мүмкін болса, ағаш
діңгектері бұтақтар, бөрене немесе сыналар үстінен
салынып, тіреліп қойылуы лазым. Арамен жеңіл түрде
кесе алу үшін қарапайым нұсқауларға сай әрекет етіңіз.
Ағаш діңгегі біртұтас қылып салынғанда арамен кесуді
жоғарыдан бастаңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Gke professional 40 bce