Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GKE Professional 35 BCE Originalbetriebsanleitung Seite 243

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKE Professional 35 BCE:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 8
OBJ_BUCH-716-006.book Page 243 Wednesday, August 17, 2016 3:54 PM
Араның кері соғуы (D суретін қараңыз)
Араның кері соғуы деген ұғым жұмыс істеп тұрған араның,
шапқы ұшы кесілетін өнімді түртіп қалғанда немесе ара
қысылып ілініп қалғанда пайда болатын, жоғарыға және
артқа қарай кездейсоқ соға бастауын білдіреді.
Араның кері соққысы пайда болғанда шынжырлы ара
күтпеген түрде әрекеттене бастап, қолданушының немесе
арамен кесу жұмысы өткізіліп жатқан аумақта тұрған басқа
адамдардың ауыр жарақаттануына апара алады.
Арамен бүйірінен кесу, көлденеңінен және ұзынынан кесу
жұмыстары аса сақтықпен өткізілуі тиіс, себебі онда тісті
таяныш 12 бекітіле алынбайды.
Араның кері соққысын болдырмау үшін:
– Шынжырлы араны мүмкін болғанша тегіс қылып қоя
отырып жұмыс істеңіз.
– Ешқашан босайған, кеңейтілген немесе аса тозылып
қалған ара шынжырымен жұмыс істемеңіз.
– Ара шынжырын нұсқаулықта белгілеп көрсетілгендей
қайраңыз.
– Кесілетін өнімдерді ешқашан иықтарыңыздың
биіктігінде болғанда кеспеңіз.
– Ешқашан шапқы ұшымен кеспеңіз.
– Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен бекем
ұстап жүріңіз.
– Әрқашан кері соққыны болдырмайтын Bosch
компаниясының ара шынжырын қолданыңыз.
– Тісті таянышын 12 тетік ретінді қолданыңыз.
– Шынжырдың кернеуі дұрыс болғанына назар
аударыңыз.
Жалпы жүріс-тұрыс ережелері (D–G суреттерін
қараңыз)
Сол қолыңызбен алдыңғы қол тұтқышын, оң қолмен артқы
қол тұтқышын ұстай отырып, шынжырлы араны әрқашан
екі қолыңызбен бекем ұстап жүріңіз. Тұтқаларды
қолдарыңыздың басбармақтары мен бармақтарымен
ұстаңыз. Арамен кесу жұмыстарын ешқашан бір қолмен
өткізбеңіз. Желі кабелін әрқашан артқы жаққа қарай
жүргізіп, оны ара шынжыры мен кесілетін өнімдер
аймағынан алыста ұстаңыз; жұмыс барысында желі кабелі
бұтақтар мен діңгектерде оралып қалмайтындай тұрыста
тұрыңыз.
Шынжырлы араны тек қана өзіңіз тұрақты тұрыста тұра
алғанда іске қосып қолданыңыз. Шынжырлы араны
өзіңіздің денеңізден біраз оң жаққа қарай ұстаңыз.
Ара шынжыры ағашпен жанасу алдынан толық
жылдамдықпен жүріп тұрі қажет. Осы әрекет барысында
шынжырлы араны ағашта тірету үшін тісті таянышты 12
қолданыңыз. Арамен кесу барысында тісті таянышты тетік
ретінде қолданыңыз.
Үлкенірек бұтақтар мен ағаш діңдерін арамен кесу
барысында тісті таянышты тереңірек орында қойып
кесіңіз. Ол үшін, тісті таянышты босатып алу үшін
шынжырлы араны артқа қарай тартып, оны қайтадан
төменірек қоя отырып енгізіңіз. Бұл әрекет барысында
шынжырлы араны кесік жасалған жерден шығармаңыз.
Bosch Power Tools
Арамен кесу барысында ара шынжырына барлық күшпен
басу, оны өзіңіз тісті таянышты 12 үстінен біраз тетіктік
баса отырып жұмыс істеткіңіз.
Шынжырлы араны ешқашан қолыңызды созып тұрып
қолданбаңыз. Жетуге қиын болатын жерлерде немесе
тасымал басқыш үстінде тұрғанда өнімдерді арамен
кеспеуіңіз лазым. Кесілетін өнімдерді ешқашан
иықтарыңыздың биіктігінде болғанда кеспеңіз.
Ең жоғары кесу нәтижелеріне шынжыр жылдамдығы
шамадан асып жүктелу арқылы түсіп қалмағанда жетуге
болады.
Арамен кесік жасау соңында сақ болыңыз. Шынжырлы
ара бос кесе бастағаннан сәттен бастап ауырлық күші
кездейсоқ түрде өзгеріледі. Аяқтардың жарақаттану қауібі
пайда болады.
Шынжырлы араны кесіктен тек қана ара шынжыры жүріп
тұрғанда шығарыңыз.
Ағаш діңгектерін арамен кесу (E мен H суреттерін
қараңыз)
Ағаш діңгектерін арамен кескенде төмендегі қауіпсіздік
нұсқауларына назар аудара отырып әрекет етіңіз:
Ағаш діңгегін суретте көрсетілгендей жатқызып, оны,
кесілген жері жабылмайтын қылып және ара шынжыры
қысылатындай қылып тіретіңіз.
Қысқарақ ағаш бөлшектерін арамен кесу алдынан реттеп
алып, оларды жақсылап қысып бекітіп қойыңыз.
Тек қана ағаш өнімдерін арамен кесіңіз. Тастар, инелер,
тікендер мен шегелермен жанасып түртуіне жол бермеңіз,
себебі олар кесу барысында жоғарыға қарай шашылып,
ара шынжырының зақымданып бұзылуына немесе
қолданушының немесе жұмыс барысында оның жанында
тұрған адамдардың ауыр жарақаттануларына апара
алады.
Шынжырлы ара жұмыс істеп тұрғанда оның сымды
дуалдармен немесе қыртыспен жанасып түртуін
болдырмаңыз.
Шынжырлы ара жіңішке бұтақшаларды кесіп қиып алу
үшін мақсатталмаған.
Ұзындығынан жасалатын кесіктерді аса сақ бола отырып
жасаңыз, себебі тісті таяныш 12 қолдана алмайтын
болады. Араның кері соққысына жол бермеу үшін
шынжырлы араны еңіс бұрышпен жүргізіңіз.
Еңкіш жерлерде өткізілетін кесу жұмыстары барысында
ағаш діңгектерін немесе жер үстінде жатқан кесілетін
өнімдерді әрқашан үстінен немесе бүйірінен тұрып
өндеңіз.
Сүрініп қалу қауібіне апара алу себебінен ағаш
түбірлеріне, бұтақтарға, тамырларға және т.б. назар
аударыңыз.
1 609 92A 36B | (17.8.16)
Қaзақша | 243

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Gke professional 40 bce