Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GCM 254 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 234

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
234 | Қазақ
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Тіреуіш планканы туралау
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (10) 0° ойығына (45) дейін бұраңыз.
Иінтірек (12) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Қайырмалы тіреуіш планканы (16) жайыңыз.
Тексеру (P1 суретін қараңыз)
– Бұрыштық үшбұрышты (48) 90° бұрышпен, ара дискісі
(39) тіреуіш планканың (8) және аралау үстеліндегі
(10) ара дискісінің арасында жататындай етіп
қойыңыз.
Бұрыштық үшбұрыштың бір жағы бүкіл ұзындығы
бойынша тіреуіш планкада жатуы керек.
Реттеу (P2 суретін қараңыз)
– Барлық ішкі алты қырлы бұрандаларды (49)
жинақтағы алты қырлы дөңбек кілтпен (28)
босатыңыз.
– Тіреуіш планканы (8), бұрыштық үшбұрыш бүкіл
ұзындығы бойынша беттеп жатқанша бұраңыз.
– Бұрандаларды қайтадан мықтап тартыңыз.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 0° реттеңіз
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (10) 0° ойығына (45) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеру (Q1 суретін қараңыз)
– Бұрыштық үшбұрышты (48) 90° бұрышпен, ара дискісі
(39) аралау үстелінің (10) және аралау үстеліндегі
(10) ара дискісінің арасында жататындай етіп
қойыңыз.
Бұрыштық үшбұрыштың бір жағы бүкіл ұзындығы
бойынша ара дискісінде (39) жатуы керек.
Реттеу (Q2 суретін қараңыз)
– Қысқыш бұранданы (24) босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданың (50) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы, бұрыштық үшбұрыштың бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша,
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қысқыш бұранданы (24) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (50) контргайкасын
қайтадан бұрап бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (30) реттегеннен кейін
шкаланың (31) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (52) стандартты крест ойықты бұрауышпен
1 609 92A 8KE | (09.05.2023)
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз. (S
суретін қараңыз)
45° стандартты тік еңіс бұрышын реттеу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (10) 0° ойығына (45) дейін бұраңыз.
Иінтірек (12) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Қысқыш бұранданы (24) босатып, манипуляторды
тұтқасынан (4) тірелгенше солға (45°) бұраңыз.
Тексеру (R1 суретін қараңыз)
– Бұрыштық үшбұрышты (48) 45° бұрышпен, ара дискісі
(39) аралау үстелінің (10) және аралау үстеліндегі
(10) ара дискісінің арасында жататындай етіп
қойыңыз.
Бұрыштық үшбұрыштың бір жағы бүкіл ұзындығы
бойынша ара дискісінде (39) жатуы керек.
Реттеу (R2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (51) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы, бұрыштық үшбұрыштың бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша,
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қысқыш бұранданы (24) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (51) контргайкасын
қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер бұрыш индикаторы (30) реттеу әрекетінен кейін
шкаланың (31) 45° белгісімен бір сызықта болмаса,
алдымен тік еңіс бұрышы мен бұрыш индикаторының 0°
реттеуін тексеріп шығыңыз. Содан кейін тік 45° еңіс
бұрышының реттеуін тексеріп шығыңыз.
Бұрыш индикаторын (тік) туралау (S суретін қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Қысқыш бұранданы (24) босатыңыз.
– Манипулятормен 0° шамасындағы тік еңіс бұрышын
реттеңіз.
– Қысқыш бұранданы (24) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (30) шкаланың (31) 0° белгісімен бір
сызықта болуы керек.
Реттеу
– Бұранданы (52) крест ойықты бұрауышпен босатып,
бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
– Бұранданы қайтадан мықтап тартыңыз.
Бұрыш индикаторын (көлденең) туралау (T суретін
қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (10) 0° ойығына (45) дейін бұраңыз.
Иінтірек (12) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (13) шкаланың (14) 0° белгісімен бір
сызықта болуы керек.
Реттеу
– Бұранданы (53) жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен
туралаңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

loading