Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Бұйымды Іске Қосу - Kärcher K 5 Premium Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für K 5 Premium:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Нұсқау: Байланыстырғыш
бұрандалы түтіктердің дұрыс
орналасқанын тексеріңіз.
Жоғары қысымды шлангідегі
тартылысты тексеру кезінде сақ
болыңыз.
Су беру жүйесі
Назар аударыңыз
Судағы қоспалар жоғары қысымды
сорғышқа жəне керек-жарақтарға
зақым келтіруі мүмкін. Қорғаныс үшін
KÄRCHER су сүзгісін (қосымша керек-
жарақ, тапсырыс нөмірі 4.730-059)
пайдалану ұсынылады.
Байланыс мəліметтерін Түр тақтасы/
техникалық мəліметтер бөлімінде
қараңыз.
Су беру мекемесінің нұсқауларын
орындаңыз.
Құбырдан су беру жүйесі
Сақтандыру
Қолданылатын заңды ережелерге
сəйкес, іріктеу жүйесі жоқ бұйым
ешқашан ас су жүйесінде
қолданылмауы тиіс. Міндетті түрде
KÄRCHER компаниясы мақұлдаған
іріктеу жүйесі немесе EN 12729, BA
түрі талаптарына сай келетін іріктеу
жүйесі қолданылуы тиіс.
Іріктеу жүйесі арқылы алынған су ауыз
су ретінде қарастырылмайды.
Назар аударыңыз
Іріктеу жүйесін əрқашан су беру
жүйелеріне, ешқашан бұйымға тікелей
қоспаңыз.
Сурет
 Бұйымның муфтасы мен су жеткізу
жерін бекітіңіз.
Суды ашық сауыттан сорғыту
Бұл жоғары қысымды тазалағыш беттегі
суды, мысалы, жаңбыр не тоғаннан,
сорғыту үшін кері клапаны (қосымша
керек-жарақ, тапсырыс нөмірі 4.440-238)
бар KÄRCHER сорғыту шлангісімен
бірге пайдаланылады (максималды
сорғыту биіктігін техникалық
мəліметтерден қараңыз).
 Сорғыту шлангісін сумен
толтырыңыз.
 Сорғыту шлангісін бұйымның су
жеткізу жеріне бекітіңіз жəне су көзіне
(мысалы, жаңбыр) іліп қойыңыз.
Бұйымды іске қосу
Назар аударыңыз
2 минуттан артық құрғақ күйдегі
жұмыс жоғары қысымды сорғыштың
зақымдалуына апарып соғады.
Бұйымды 2 минут ішінде қысымсыз
қалпына келтіріңіз, бұйымды өшіріңіз
жəне "Ақаулықтар бойынша анықтама"
бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
Сурет
 Жоғары қысымды шлангіні орайтын
барабаннан толығымен босатыңыз.
Сонымен қатар тасымалдау
тұтқасын ұстап тұрыңыз.
Нұсқау: Жетекші тұтқа қауіпсіздік
күйінде болғанда, оны алдын ала
жоғары көтеріңіз.
 Су ағыны шлангісін су жеткізу
жеріндегі муфтаға орнатыңыз.
Нұсқау: Су жіберу шлангісі
бұйыммен бірге сатылмайды.
 Су ағыны шлангісін су беру жүйесіне
жалғаңыз.
 Құбыр кранын толығымен ашыңыз.
 Электр ашасын электр розеткасына
салыңыз.
 Бұйымды "I/ON" күйіне
ауыстырыңыз.
 Қол бүріккішінің иінтірегін құлыптан
босатыңыз.
 Иінтіректі тартыңыз да, бұйым
қосылады.
Су көпіршіксіз қол бүріккішіне
шығарылмағанша бұйымды жұмыс
істетіңіз (макс. 2 минут).
 Қол бүріккішінің иінтірегін босатыңыз.
Нұсқау: Иінтірек босатылғаннан
кейін бұйым өшіріледі. Жүйедегі
жоғары қысым сақталады.
 Қол бүріккішінің иінтірегін
құлыптаңыз.
– 10
KK
285

Werbung

Inhaltsverzeichnis

Fehlerbehebung

loading

Inhaltsverzeichnis