Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қауіпсіздік Нұсқаулары - Bosch EasyAquatak 100 Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für EasyAquatak 100:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
126 | Қазақ
– +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада
өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы
ылғалдылық 80 % -дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69
(5 шарт) құжатын оқыңыз
– Қоршаған орта температурасы −50 °С-тан +50 °С-қа
дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы
ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қауіпсіздік бойынша нұсқаулары мен
сақтандырулардың барлығын оқыңыз. Қауіпсіздік
бойынша нұсқаулықтары мен сақтандыруларын ұстанбау
не орындамау электр соққысына, өрт шығуына және/
немесе ауыр жарақаттануға апара алуы мүмкін.
Белгілердің мағынасы
Қауіптер бойынша жалпы нұсқаулар.
Су ағымын адамдарға, жануарлар мен
аңдарға, электрбұйымдарға немесе электр
бөлшектеріне бағыттамаңыз.
Назар аударыңыз: жоғары қысым ағымын қате мақсатта
қолданғанда ол қауіп тұдыра алады.
Күште болған ережелер мен заңдарға сай,
жүйе бөлушісімен жабдықталмаған
электрбұйымды су беру жүйесіне қосуға
болмайды. IEC 61770 стандартының ВА
түріне сай болатын жүйе бөлүшісін қолданыңыз.
Жүйе бөлүшісі арқылы аққан су ішуге жарамсыз болады.
Жоғары қысым тазалағыш үшін қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулары мен
сақтандырулардың барлығын оқыңыз.
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтары мен
сақтандыруларын ұстанбау не орындамау
электр соққысына, өрт шығуына және/немесе ауыр
жарақаттануға апара алуы мүмкін.
Электрбұйымда көрсетілген қауіпсіздік және анықтама
белгілердің бәрі электрбұйымның қауіпсіз түрде жұмыс
істеуі үшін нұсқау береді.
Қолдану нұсқаулығында берілген нұсқаулармен қатар
Жалпы қауіпсіздік және апаттарды болдырмау бойынша
ережелерде берілген нұсқауларына да назар аударып
жүруіңіз керек.
F 016 L81 745 | (23.11.2022)
Электр тоқ жүйесіне қосу
Тоқ көзінің кернеуі электр бұйымның зауыттық
u
тақташасындағы мәндеріне сай болуы тиіс.
Осы электр бұйымды тек қана 30 мА
u
дифференциалдық қорғаныстың автоматты айырғышы
арқылы қауіпсіздірілінген электр розеткасына
қосуыңыз лазым.
Қуат беру жүйесінің сақтандырғыш
ажыратқышы кемінде С түрінде болып,
≥ 16 A мәнін көрсетіп тұруы тиіс.
Электр қуат беру қондырғылардың орнатылуы
u
лайықты білікті электрик маманы арқылы өтқізілуі тиіс
және IEC 60364-1 талаптарына сай болуы керек.
Жалғастыру кабелі немесе желілік ашасы зақымдалған
u
қалыпта болған жағдайда оны жөндеу жұмыстары
Bosch компаниясының уәкілетті техникалық қызмет
көрсету орталығы арқылы өткізілуі тиіс.
Электрбұйымды тек қысқа уақыт бойы қараусыз
u
қалдырсаңыз да, электрбұйым ашасын
электррозеткасынан шығарып қойыңыз.
Кабель ашасын ешқашан ылғалды қолмен ұстамаңыз.
u
Электрбұйыммен жұмыс істеп жүргеніңізде кабель
u
ашасын тартып шығармаңыз.
Тоқ беру жүйесіне қосу кабелі немесе біріктіруші
u
кабелінің үстінен басып жүрмеңіз, оны жаншып
кетпеңіз немесе оны ұстап тартпаңыз - кабелдің
зақымданып және бұзылып кетуі мүмкін. Кабелді
ыстықтан, майлы және өткір бұрыштардан қорғаңыз.
Электрбұйымның желі кабелі немесе жоғары қысым
u
шлангі, бүріккіш атқышы сияқты маңызды бөлшектері,
немесе қауіпсіздік жүйе бөлшектері зақымданып
бұзылған қалыпта болғанда электрбұйымды
қолданбаңыз.
Назар аударыңыз: Нұсқаулықта көрсетілген
нұсқауларға сай болмаған біріктіргіш
кабелдер қауіп тұдыра алады. Ұзарту
кабелін қолданғанда аша мен розетка су өткізбейтін және
сыртта пайдалануға жарамды болуы керек.
Ұзарту кабелін қолданғанда ұзарту кабелінің өлшемдері
келесідей болуы тиіс:
2
– Ø 2,5 мм
, максималды ұзындығы 25 м
Назарыңызда болсын: Ұзарту кабелі пайдаланған
u
жағдайда ол жергілікті заңдық талаптарға сай жерге
тұйықталуы тиіс және аша арқылы қуат көзінің жерге
қосу сымына қосылуы керек.
Жалғағыштар (аша және штепсельдік розетка) құрғақ
u
түрде ұсталуы тиіс және жерде жатпауы керек.
Су беру жүйесіне қосу
Өзіңіздің сумен камтамасыз ету мекемеңіздің
u
ережелері мен нұсқауларына назар аударыңыз.
Бүкіл қосу шлангтерін бұрандалармен бекітуі тығыз
u
болуы керек.
Диаметрі 12,7 мм (1/2") болған күшейтілген шлангісін
u
ғана қолданыңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis