Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti Nuron NPU 100-22 Original Bedienungsanleitung Seite 291

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
6.1
Қалыптау әрекетін орындау
ҚАУІПТІ
Ток соғу қаупі бар! Қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларында жұмыс істеу ток соғуға және/немесе
қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.
▶ Нашар ауа райында кернеу өткізгіш сымдармен жұмыс істеуге қатал тыйым салынады.
▶ Ауа райының жағдайлары оқшаулағыш сипаттарына, көрерлікке немесе жұмысшылардың
қозғалуына теріс әсер еткен жағдайда, жұмысты бірден тоқтатыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жоғары қысыммен шыққан майдан жарақат алу қаупі бар! Жоғары қысыммен шыққан май тері
мен көзге жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Зақымдар көрінген жағдайда, қалыптау құрылғысын пайдаланбаңыз.
▶ Май шыққан жағдайда, қалыптау құрылғысын пайдаланбаңыз.
▶ Піспектің әр қалыптау әрекетінен кейін кері қозғалғанына көз жеткізіңіз.
▶ Егер піспек қалыптау әрекетінен кейін кері қозғалмаса, қолмен қайтару үшін қайтарғыш
ажыратқышты қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ
Жарықшақтардың ұшуынан жарақат алу қаупі бар! Материалдың сынықтары көз бен денеге
жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Бұрғылау және қалыптау кезінде қорғаныш көзілдірік пен қолғап киіп жүріңіз.
▶ Бір-бірімен үйлесетін тартпалы болт, қалып пен штемпельді таңдаңыз.
▶ Қалыптау әрекетінің алдында қалыптау ендірмесінің дұрыс және берік монтаждалғанына көз
жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі бар! Қалыптау әрекетінің барысында ауыр жарақат алу қаупі бар.
▶ Қалыптау әрекетінің барысында міндетті түрде қалыптау ендірмесі мен қолыңыз/саусағыңыздың
арасында жеткілікті аралықтың бар болғанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі бар! Өнімнің кездейсоқ іске қосылуы.
▶ Қалыптау ендірмесін орнату/ауыстыру/шығару алдында аккумуляторды шығарып алыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Алмалы-салмалы аспап ыстық және/немесе өткір болуы мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
▶ Ыстық алмалы-салмалы аспапты тұтанғыш беттерге ешқашан қоймаңыз.
Гидравликалық май суық ауа райында қоюлануы және қалыптау әрекетін ұзартуы мүмкін.
Қалыптау құрылғысын жылыту үшін бос жүріс күйінде 5-10 қалыптау әрекетін орындаңыз.
1. Тесіктің дәл орнын анықтап, тартпалы болт үшін саңылау бұрғылаңыз.
Алдын ала бұрғылау үшін диаметрі тартпалы болт диаметріндей үлкен болатын бұрғыны
қолданыңыз.
2. Қайтарғыш ажыратқышты, піспек толықтай кері жылжығанша басып тұрыңыз.
3. Тартпалы болтты қалыптау бастиегінің бекіткішіне бұрап енгізіңіз.
4. Қалыпты тартпалы болтқа енгізіңіз.
5. Тартпалы болтты алдын ала бұрғыланған саңылау арқылы өткізіңіз.
6. Штемпельді, ол табақ металға тірелгенше, табақ металды тартпалы болтпен жанасып кесу арқылы
бұраңыз.
*2321733*
3
2321733
Қазақ
287

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis