Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch EasySpray 18V-100 Originalbetriebsanleitung Seite 209

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника электр құралын тиісті температура
аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.
Пайдаланудағы үзіліс және тасымалдау (G−H
суреттерін қараңыз)
Бүріккіш жүйені оңай тасымалдау үшін негізгі құралды
аспа тұтқа (21) мен аспа бау (26) орнатылған.
Жұмыс істеу кезінде негізгі құралды (19) аспа бау (26)
көмегімен иыққа асуға болады.
Жұмыс іркілісінде бүріккіш пистолетті (1) тегіс жұмыс
аймағында қою мүмкін. Ешқандай бүріккіш материал
ағып кетпейді.
Бүрку материалымен толтырылған бүрку
u
пистолетін әрдайым тік ретте көлденең жайға
қойыңыз. Жатқан бүрку пистолетінен бүрку
материалы шығуа мүмкін.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Әр пайдаланғаннан кейін майда бүрку жүйесінің
u
бөлек компоненттерін, әсіресе барлық бояу
өткізетін құрамдас бөліктерді бірден тазалаңыз.
Тиісінше тазалау бүріккіш пистолеттің ақаусыз және
сенімді жұмысының алғышарты болып табылады.
Тазалау мүлдем немесе тиісінше орындалмаған
жағдайда, кепілдік бойынша шағым білдіру құқығы өз
күшінен айырылады.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Bosch Power Tools
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Қосалқы контейнер (керек-жарақ) (J суретін
қараңыз)
Қақпағы бар қосалқы контейнерде (8) бүрку материалын
кейінгі қолданыс үшін саңылаусыз сақтауға болады.
Су негізіндегі бояуларды пайдаланғаннан кейін
тазалау (K суретін қараңыз)
Бүріккіш пистолетті және бүрку материалының
контейнерін әрдайым жылы сумен тазалаңыз.
Бүріккіш пистолеттің саптама және ауа саңылауларын еш
жағдайда үшкір заттармен тазаламаңыз.
– Негізгі блокты (19) өшіріп, ауа шлангісін (17) бүріккіш
пистолеттен (1)шығарыңыз.
– Контейнерді (7) бүріккіш пистолеттен (1)босатыңыз.
Контейнерді (7) көтергіш құбырдың (12) астында
ұстап тұрып, бүрку материалы контейнер ішіне ағуы
үшін, бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (6)
басыңыз.
– Контейнерді (7) толықтай босатыңыз.
Бүрку материалын кейінірек пайдалану үшін тығыз
жабылған бояу контейнерінде сақтауға болады. Ол
үшін, мысалы, қақпағы бар қосалқы контейнерді (8)
немесе түпнұсқа бүрку материалының контейнерін
қолданыңыз.
– Контейнерді (7) тазалаңыз.
– Көтергіш құбырды (12) контейнер
тығыздауышымен (14) бірге бөлшектеп, жақсылап
шайыңыз.
Көтергіш құбырды (12) контейнер
тығыздауышымен (14) бірге бүріккіш пистолетке
қайтадан бекітіңіз.
– Контейнерді (7) жылы сумен толтырып, бүріккіш
пистолетке (1)қайтадан бекітіңіз.
– Ауа шлангісін (17) бүріккіш пистолетке (1)қайтадан
жалғаңыз.
– Таза су ғана шыққанша бүркіңіз. Қажет болса,
контейнерді жылы сумен қайтадан толтырыңыз.
Қазақ | 209
1 609 92A 6FW | (13.12.2021)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

06032072003 603 b08 0

Inhaltsverzeichnis