Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch EasySpray 18V-100 Originalbetriebsanleitung Seite 206

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
206 | Қазақ
немесе артық жүктемені бірнеше секунд ішінде
көрсетеді.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 × жасыл
Үздіксіз жарық 2 × жасыл
Үздіксіз жарық 1 × жасыл
Жыпылықтау 1 × жасыл
Жыпылықтау 3 × жасыл
Аккумулятор температурасы жұмыс температурасының
диапазонынан тыс және/немесе артық жүктемеден
қорғаныс жұмыс істеп қалса, заряд деңгейі
индикаторының 3 жарық диоды жылдам жыпылықтайды.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Бүріккіш пистолет пен негізгі аспап толық және
u
барлық тығыздауыш элементтерімен жиналғанын
қамтамасыз етіңіз. Тек осылай бүріккіш жүйенің
жұмысы мен сенімділігі қамтамасыз етіледі.
Бүріккіш пистолетінің саптама қақпағы
u
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Тек осылай бүріккіш
жүйенің жұмысы мен сенімділігі қамтамасыз етіледі.
Ауа шлангісін жалғау (A1–A2 суреттерін
қараңыз)
Негізгі құрал қосқышы
– Ауа шлангісінің найзалы құлпын (18) көрсеткі
белгілеріне сай реттеп, негізгі құралдың (25)
қосқышының тесіктеріне салыңыз.
– Найзалы құлыпты сағат тілімен шірек айналым
бұраңыз.
1 609 92A 6FW | (13.12.2021)
Бүріккіш пистолетке қосу:
– Ауа шлангісінің екінші найзалы құлпын (18) көрсеткі
белгілеріне сай реттеп, бүріккіш пистолеттің (4)
Қуаты
қосқышының тесіктеріне салыңыз.
67–100%
– Найзалы құлыпты сағат тілімен шірек айналым
34–66%
бұраңыз.
11–33%
Ескертпе: Бүрку материалын толтырудан алдын ауа
шлангісін (17) алып қойыңыз (найзалы құлыпты (18)
1–10%
шірек айналымға сағат тіліне қарсы; найзалы құлыпты
0%
(18) қосқыштан (4) тарту).
Иық белдігін бекіту (B суретін қараңыз)
Өңделетін барлық жазықтықтар қолжетімді және икемді
болуы үшін, негізгі блокқа иық белдігін (26) тағуға
болады.
– Әр ілмекке (27) бір белдік ұшын іліңіз.
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жұмыс істеуге дайындық
Суға жақын жерде немесе тікелей әсер ететін
u
жайға жақын жерде бүрку жұмысын орындау
мүмкін емес.
Бояуларды, лактарды және бүрку материалын сатып
u
алуда қоршаған ортаға әсерін ескеріңіз.
Бүрку аймағын дайындаңыз
Бояу себілетін бет таза, құрғақ және майсыз болуы қажет.
– Тегіс беттерді бұдырлап, содан кейін ажарлау шаңын
кетіріңіз.
Пайдаланған кезде, қапталмаған барлық беттер бүріккіш
тұманмен ластануы мүмкін. Сондықтан бояу себілетін
беттің айналасын жақсылап дайындаңыз:
– Еденді, интерьер заттарын, есіктерді, терезелерді
және есік пен терезе жақтауларын және т.б. мұқият
жауып қойыңыз. Еденді жабу үшін, мысалы, бояу
флизелині ұсынылады.
– Жапқыш материалды бекітіңіз. Жеткілікті бекітілмеген
жапқыш материал қатты ауа ағынынан босап қалуы
немесе ұшырып түсірілуі мүмкін.
Розеткалар мен ажыратқыштарды мұқият
u
жабыстырыңыз. Жабыстырылмаған розеткалар мен
ажыратқыштар қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін
және ток соғу қаупін арттырады.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

06032072003 603 b08 0

Inhaltsverzeichnis