Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Defort DBD-16N-1 Bedienungsanleitung Seite 71

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін станоктың
электрлі жəне механикалық бөлігіне өз бетімен
өзгертулер енгізуге болмайды.
ҚОЛДАНЫСЫ
Станокты құрастыру
А-B-суреттері
• Табандықты (13) көрсетілген қалыпқа қойыңыз;
• Табандықтағы тіректі (11) болт (12) көмегімен
бекітіңіз;
• Жұмыс үстелінің кронштейнін (10) тірекке (11)
орнатыңыз. Осыдан соң тұтқа (6) көмегімен қажетті
қалыпқа үстелді бекітіңіз;
• Енді станок корпусын (7) құруға жəне оны ішкі алты-
қырлы екі бұранда (8) көмегімен бекітуге болады;
• Сүмбінің зауыттық майлығы бар. Бірінші қолданыс
алдында станокты жүктемей 15 минутқа ең аз
жылдамдыққа қосу ұсынылады.
Сүмбінің конус пішінді бөлігін жəне бұрғылау
патронының сəйкес саңылауын қорғаныс лагы мен
майлық консистенциясынан тазарту қажет. Сүмбінің
конус пішінді бөлігіне патронды қондыру кезінде
металл балға емес, жұмсақ шотты ғана қолдануға
болады. Патрон білегі максимальды жылжытылған
болуы қажет.
Бұрғылау станогын құру
Жақсы тұрақтылық пен дірілді азайту үшін табандықтың
арнаулы саңылауларында орнатылатын болттар кө-
ме гімен верстакке табандықты (13) мықтап бекіту ұсы-
нылады. Егер Сіз бұрғылау станогын ағаш верстакке
бе кі тетін болсаңыз, онда ірі диаметрлі тығырық пен бұ-
ран да қолдану қажет. Қарсы жағдайда шағын диаметрлі
тығырық пен бұранда ағашты ойып кетуі мүмкін, ал бұл
бекітудің босауын, орнықсыздық пен дірілген əкеледі.
Болттар көмегімен табандықты бекіту кезінде оның
деформациялануын болдырмаңыз!
Сүмбі айналымының санын реттеу
Сүмбі айналымының санын реттеу сыналық белдікті
сəйкес шкивке жылжыту жолымен жүзеге асырылады.
Станоктың қорғаныс қаптамасын ашпас бұрын
станокты қорек желісінен ажыратыңыз.
Сыналық белдіктің жылжытылуы келесі түрде жүзеге
асырылады:
• Бұранданы бұрап алып, қорғаныс қаптамасын
ашыңыз (14);
• Бұранданы босатып (18) станоктың бас бөлігі
бағытына қарай электр қозғалтқышын жылжытыңыз;
• Төменде келтірілген кесте жəне Е суретіне сəйкес
сына белдігін жылжытыңыз;
• Осы үшін электр қозғалтқышының (17) тірегін
жылжыта отырып, белдікті керіңіз;
• Белдікті бекіту бұрандасы (18) көмегімен бекітіңіз;
• Міндетті түрде қорғаныс қаптамасын орнатыңыз;
• Станок қолданысқа дайын.
ЕСКЕРТУ! станокты қорғаныс қаптамасынсыз
қолдануға болмайды.
Сыналық белдікті орнатқан соң, оның керілуін электр
қозғалтқышының тірегі (17) жəне бұранда (18)
көмегімен қайта реттеу қажет. Белдіктің стндартты
керілуі 1 см деəн иілуге мүмкіндік береді (Д-суреті).
Мерзімінен бұрын қажу жəне сыналық белдіктің
босауын болдырмау үшін шкивтердің бір-біріне қатысты
қалпын тексеру қажет. Бірдей жылдамдықты шкивтер
бірдей биіктікте болуы тиіс. Егер олар əр түрлі биіктікте
болатын болса, электр қозғалтқыштың шкивін жылжыту
қажет. Бұл үшін бекіту бұрандасын босатып, шкивті
электр қозғағышы білігі бойынша жылжытыңыз.
Сүмбі жылдамдығын құру нұсқалары
Е-суреті
min
D-1
280
D-2
450
D-3
540
C-1
620
B-1
800
C-2
1000
B-3
1550
A-2
1700
A-3
2350
Бұрғылау тереңдігін шектеуші
F-суреті
Станок сүмбісі арнайы реттеу бұрғысы көмегімен бе-
кі тілетін бұрғылау тереңдігін шектеушімен жабды қтал-
ған. Бұрғы лау тереңдігі тереңдік өлшеуіш шəкілінде
көрсетіледі.
Бұрғыны орнату
G-суреті
Бұрғылау патроны цилиндр пішінді ұшы бар бұрғыларға
қолдануға арналған. Бұрғы бұрғылау патронына үш
ішкі білектер көмегімен бекітіледі. Патрондағы бұрғыны
бекіту үшін патрон корпусындағы үш саңылаудың біріне
кілтті салып, оны тірелгенше сағат тілі бойымен бұрау
қажет. Осыдан соң бұрғыны одан да сенімді бекіту үшін
кілтті қалған екі саңылаудың əрбіреуіне кезекпен салып,
оны тірелгенше сағат тілі бойымен бұрау керек.
Дайындауды бекіту
H-суреті
Бұрғылау станогының жұмыс үстелі мен табандығы
қысқыш құрылғыларды орнатуға арналған ойқтармен
жабдықталған. Қайғылы жағдайдан аулақ болу үшін
жəне бұрғылау дəлдігін жоғарылату мақсатында
дайындауды қысқыш жабдықтар көмегімен бекіту қажет.
Жұмыс үстелін реттеу
I, J-суреттері
Жұмыс үстелі (19) тірекке бекітіледі. Сіз арнайы тұтқа
көмегімен биіктікті өз бетіңізбен реттей аласыз. Жұмыс
үстелінің биіктігі дайындаудың жоғарғы жағы мен
бұрғының төменгі жағының арасында орын қалатындай
етіп бекітіледі. Қажет болған жағдайда Сіз үстелді
тіректің қатысты өзегінің шеңбері бойынша көлденең
бетке қоя аласыз.
-1
71

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis