Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Киім Жəне Əбзел; Құрылғыны Тасымалдау; Жұмысты Бастамас Бұрын - Viking LE 540 Gebrauchsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für LE 540:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Құрылғыны максималды ажырату тогы
30 мА балқымалы сақтандырғышпен
қорғалған электр қуатының көзіне
жалғап қосуға болады. Қосымша
мəліметтерді электрмонтаждаушыдан
алуға болады.
Электр қауіпсіздігін ұстану үшін электр
кабелі үнемі меңгерікке дұрыс
монтаждалуы тиіс.
4.3 Киім жəне əбзел
Құрылғымен жұмыс істеу үшін
табаны сырғанамайтын
жабық аяқ киім киіңіз. Жалаң
аяқ немесе сандалдармен жұмыс
істеуге тыйым салынған.
Жұмыс барысында арнайы
қорғаныш көзілдірігін тағу
керек.
Тазалайтын жұмыстарды
істеген кезде, жұмыс
қолғаптарын киіңіз жəне ұзын
шашты жинап қойыңыз
(жаулық не бас киім киіңіз).
Құралды қолданған кезде, тек ұзын
шалбар жəне қонымды киім киіңіз.
Ешқашан да қозғалмалы бөліктерге
(басқаратын тұтқыштар) тұрып қалатын
кең киімді кимеңіз, əшекейлерді,
галстуктарды жəне мойынорағыштарды
тақпаңыз.
4.4 Құрылғыны тасымалдау
Өткір жүздерден жəне ыстық
бөлшектерден зақымданбау үшін үнемі
қолғаппен жұмыс істеу керек.
0478 670 9902 H - KK
Тасымалдау алдында құрылғыны
өшіріңіз, желілік кабельді тартып
шығарыңыз, аэратор блогын
тасымалдау күйіне орнатыңыз жəне
пышақтың қозғалысын тоқтатыңыз.
Құрылғыны тек оның электр
қозғалтқышы суығаннан кейін ғана
тасуға болады.
Құрылғының салмағын ескере отырып,
тиеу үшін сəйкес келетін көмекші
құрылғыларды пайдаланыңыз (тиеу
платформаларын, жүк көтерімділік
орнату).
Құрылғыны жəне онымен бірге
тасымалданатын бөлшектерді
(мысалы, керек-жарақ ретінде
қолжетімді шөп жинағыш), жеткілікті
көлемдегі бекіткіш заттардың көмегімен
(қайыстар, арқандар жəне т.б.) жүк тиеу
алаңына бекітіңіз.
Көтерген жəне тасыған кезде
пышақтармен еш түйіспеңіз.
«Тасымалдау» бөлімінің тармақтарын
ұстаныңыз. Онда, көгалшапқышты
тасымалдаған кезде, оны қалай көтеріп
бекіту керектігі жайында жазылған.
(
12.1)
Құрылғыны тасымалдау кезінде, атап
айтсақ, жүктеу тұғырнамаларында
жүктің жəне тасымалданатын заттың
қауіпсіздігіне қатысты жергілікті
заңдардың талаптарын орындау қажет.
4.5 Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып шыққан адамдар
ғана пайдаланатынына көз жеткізіңіз.
«Электр тогына соғылу қаупі»
бөліміндегі ақпаратты есте сақтаңыз
(
4.2).
Электр қозғалтқышпен жабдықталған
бақ аспаптарын пайдалану бойынша
тұрмыстық ережелерді сақтаңыз.
Құрылғыны қабаттасқан немесе
қиыршық тастар төселген беттерде
пайдалануға тыйым салынған,
ұшқындайтын материалдан жарақат
алу қаупі туындауы мүмкін.
Жұмыс аумағын мұқият қарап шығыңыз
жəне одан барлық тастар, таяқтар, сым
кесектері, сүйектер жəне көгалшапқыш
үстіге лақтырып қалуы мүмкін басқа да
бөгде заттарды алып тастаңыз. Биік
шөпте ағаш түбірі мен ағаш
томары секілді кедергіні байқамай
кетуге де болады.
Сондықтан көгалшапқышпен жұмыс
бастамас бұрын шөп алаңында қалып
қойған барлық кетірілмейтін бөгде
заттарды (кедергілерді) белгілеп қою
керек.
Көгалшапқышты пайдаланар алдында
ақауларды жойып, барлық тозған жəне
зақым келген бөлшектерді айырбастау
керек. Өшіріліп қалған жəне дұрыс
көрінбейтін ескертетін белгілерді
жаңасына ауыстыру керек. Жаңа
белгілер мен басқа да қосалқы
бөлшектерді алу үшін VIKING
компаниясының делдалына жүгініңіз.
Тек қолданысқа жарамды күйдегі
құрылғыны қолданыңыз. Жұмысты
бастау алдында төмендегілерді тексеру
керек:
– құрылғының дұрыс орнатылғанын,
– аэратор блогы (кесетін десте, пышақ,
аралық қабаттар мен бұрандалар)
мінсіз күйде екендігін – əсіресе берік
орнатылғандығын, зақымдар
(жарықтар, сызаттар) мен тозудың
бар-жоғын тексеріңіз,
413

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis