Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GSS 230 AVE Originalbetriebsanleitung Seite 114

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GSS 230 AVE:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

OBJ_BUCH-1665-002.book Page 114 Tuesday, December 3, 2013 1:12 PM
114 | Қaзақша
Тегістеу пластинасын алмастыру (F суретін
қараңыз)
Тегістеу дискін 10 керек болғанда алмастыру мүмкін.
6 бұранданы 16 толық шығарып тегистеу пластинасын 10
алып қойыңыз. Жаңа тегістеу пластинасын 10 орнатып
бұрандаларды қайта тартып қойыңыз.
Арнайы тегістеу пластиналары
Жинақтағы тегістеу пластинасын 10 жабдық ретінде
жеткізілген арнайы тегістеу пластинасына алмастыруға
болады.
Арнайы тегістеу пластинасын жинақтағы тегістеу
пластинасының алмастырылуына сай ретте орнатылады.
Әрбір тегістеу полотносының шешілуі мен орнатылуы
түпнұсқалық тегістеу полотносының алмастырылуына сай
ретте орындалады.
Ұзартылған тегістеу пластинасы, тікбұрышты, жұқа
(G суретін қараңыз)
Тікбұрышты, жұқа, ұзартылған тегістеу пластинасын 17
пайдалану қиын жететін жерлер мен тар аралықтарда,
мысалы, терезе мен есік планкалары, ойықтар немесе
жылытөыш пен су құбырларының артында, тегістеуге
мүмкіндік береді.
Тікбұрышты, жұқа, ұзартылған тегістеу пластинасын 17
орнату үшін тиісті бұрандаларды 19 пайдаланыңыз.
Ұзартылған тегістеу пластинасы, үш бұрышты
(H суретін қарау)
Үш бұрышты ұзартылған тегістеу пластинасын 21
пайдалану бұрыштар мен қырларды тегістеуге мүмкіндік
береді.
Нәзік тегістеу пластинасы (жабысқақсыз)
(A мен B суреттерін қараңыз)
Жабысқақсыз стандартты тегістеу дискілерін
пайдаланатын болсаңыз жабысқақсыз нәзік тегістеу
пластинасын пайдалану ұсынылады. Тегістеу
пластинасының беті жалпақтығы арқылы нәзік тегістеуде
оптималды тегістеу нәтижелері жетіледі.
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқа 1 оңтайлы қолдану мен оптималды күш
таралуын қамтамасыз етеді, әсіресе жоғары тегістеу
шығынында.
Қосымша тұтқаны 1 бұрандамен 2 корпусте бекітіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 4 басып
тұрыңыз.
2 609 932 911 | (3.12.13)
Басылған қосқыш/өшіргішті 4 құлыптау үшін құлыптау
пернесін 5 басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 4 жіберіңіз
немесе құлыптау пернесімен 5 құлыптанған болса,
қосқыш/өшіргішті 4 қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Тербелу санын таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы 3 қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Пайдалану нұсқаулары
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тегістеуде ажырату қуаты таңдалған тегістеу дискіне және
алдын ала таңдалған тербелу санына байланысты.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты
басуға талпыныңыз.
Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез
тозуын тудырады.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін
пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқалы Bosch ажарлау жабдықтарын
пайдаланыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Gss 280 ave

Inhaltsverzeichnis