Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch Sensixx DS38i-Temp Gebrauchsanleitung Seite 174

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
3.2 "AntiShine" бағдарламасы*
Жайылатын жақтарын көру
Бұл бу станциясында "AntiShine"
бағдарламасы бар. Егер бұл бағдарлама
таңдалған болса және буды босату түймешесі
(14 немесе 15*) жиі басылса, киімде
үтіктеуден пайда болатын жалтыраған
белгілердің орын алу қаупі азаяды.
3.3 "Hygiene" бағдарламасы*
Бұл бу станциясы арнайы "Hygiene"
бағдарламасымен жабдықталған.
Бұл жаңартпашыл гигиеналық бумен өңдеу
технологиясы микробтардың 99,9 пайызын
жояды. Маталардың барлық түрлері үшін
жарамды және қалың мен сезімтал бұйымдар
үшін аса тиімді болып табылады.
Температура мен аралық будың бірегей
тіркесімі химиялық қоспалардың қажетінсіз
залалсыздандырғыш әсерді қамтамасыз
етеді.
Төмендегідей әрекет етіңіз:
1. Селекторды (9) бұрау арқылы "Hygiene"
бағдарламасын таңдаңыз.
2. Үтікті залалсыздандыру қажет киім не
матаға қойыңыз.
3. Гигиеналық будың үлкен мөлшерлерін
шығару үшін тұтқаның төменгі жағындағы
буды босату түймешесін (14) бірнеше рет
басыңыз. Соңғы нәтижені жақсарту үшін
киімді ақырындап толығымен үтіктеңіз.
Ескертпелер:
• "Hygiene" бағдарламасының жоғары
нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін, жүйені
20 минуттан кейін бастапқы қалпына келтіру
қажет. "Hygiene" индикатор шамы бес рет
жыпылықтайды және бу генераторы "i-Temp
Advanced" бағдарламасына автоматты
түрде ауысады.
• Егер әрекетті "Hygiene" бағдарламасында
жалғастыру қажет болса, "i-Temp Advanced"
бағдарламасының бағдарлама жарық
диоды жыпылықтауды тоқтатып, екі
дыбыстық сигнал шықпағанша күтіңіз.
Бұдан кейін селекторды (9) бұрау арқылы
"Hygiene" бағдарламасын қайта таңдаңыз.
қуатты үнемдеу реттеуін "Hygiene"
бағдарламасы таңдалған кезде белсендіру
мүмкін емес.
174
B O SC H
3.4 "Calc'nClean" бағдарламасы
11 бөлімін қараңыз.
4. "PulseSteam" функциясы
Жайылатын жақтарын көру
Бұл аспапта қатты бүктеулерді жазуға
арналған арнайым функция бар.
Буды босату түймешесі белсендірілген кезде,
бу генераторы үш қатты бу соққысын
шығарады да, бу мата ішіне тіпті тереңірек
енеді.
Тұтқаның жоғарғы жағындағы бу соққысы
түймешесін (15*) жылдам басыңыз.
Аңдатпалар:
• Бу түймешесін жылдам қайта басу арқылы
бу соққыларын тоқтатуға болады.
• "PulseSteam" функциясы алғаш рет
пайдаланылғанда, біраз су тамшылары
пайда болуы мүмкін. Функцияны біраз уақыт
пайдаланған соң су тамшылары жойылады.
5. "Intelligent steam" функциясы
Бұл жүйеде интеллектуалды буды басқару
құралы бар, ол буды босату түймешесін (14
немесе 15*) босатқаннан кейін қосымша
будың азғантай мөлшерін қамтамасыз етеді.
Қосымша буды әрдайым буды босату
түймешесін қайта басу арқылы тоқтатуға
болады.
6. Бусыз үтіктеу
Үтіктей бастаңыз, бірақ буды босату
түймешесін баспаңыз (14 немесе 15*).
* Үлгісіне байланысты

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Sensixx ds38 hygieneSensixx ds38

Inhaltsverzeichnis