Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GKM 18 V-LI Professional Originalbetriebsanleitung

Akku-handkreissägen
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-2231-001.book Page 148 Tuesday, November 18, 2014 3:22 PM
148 | Қaзақша
Пайдалану
Пайдалану түрлері
 Электр құралында барлық жұмыстардан алдын
аккумуляторды шығарыңыз.
Аралау тереңдігін орнату (B суретін қараңыз)
 Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Цангалық қысқышты 10 тартыңыз. Аз аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан 13 ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға 13 басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді орнатыңыз.
Цангалық қысқышты 10 берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың 10 қысу күшін реттеу мүмкін. Ол үшін
10 қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне қарсы
30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Аралау бұрышының белгілері
Кесік белгісі 12 тік бұрышпен аралау кезіндегі ара
дискісінің күйін көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Ілгектер (C суретін қараңыз)
Ілгектердің 3 көмегімен электр құралды сатыға іліп қоюға
болады. Бұл үшін ілгектерді 3 қажет күйде бекітіңіз.
 Ілінген электр құралдың аралау дискісі кездейсоқ
тиюден қорғалған болуына назар аударыңыз.
Жарақат алу қаупі бар.
Электр құралмен қайтадан жұмыс істегіңіз келсе,
Ілгектерді 3 алыңыз.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
 Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 9 электр құралының
тұтқасына аккумулятордың бекем бұғатталғанынша
салыңыз.
1 609 92A 0PX | (18.11.14)
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 6 басып кейін қосқыш/өшіргішті 7 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 7
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 7
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс тежегіші
Кіріктірме жүріс тежегіші электр құралы өшкеннен соң ара
полотносын тоқтау уақытын қысқартады.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Параллельді тірек бар аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тірек 14 дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Қосымша тірекпен бірге аралау (E суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе
рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны тірек
тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге
болады.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ
щеткамен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis