Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch HEAVY DUTY GCM 18V-254 D Professional Originalbetriebsanleitung Seite 286

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
286 | Қазақ
Манипуляторды жылжыту кезіндегі бүйірлік
ауытқуды реттеу (T3−T4 суреттерін қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (56) (шамамен 1–2 айналым)
босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Лазер корпусын (57), лазер сызықтары
манипуляторды артқа жылжытқан кезде бүйірге
ығыспағанша, оңға немесе солға жылжытыңыз.
– Лазердің корпусын (57) осы күйде ұстай отырып,
бекіткіш бұранданы (56) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Лазер қорғаныш қалпақшасын (8) қайтадан бекітіңіз.
Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Бұрыш индикаторын (көлденең) туралау (U суретін
қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (12) 0° ойығына (20) дейін бұраңыз.
Иінтірек (17) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (58) шкаланың (21) 0° белгісімен бір
сызықта болуы керек.
Реттеу
– Бұранданы (59) жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен
туралаңыз.
– Бұранданы қайтадан тартыңыз.
Бұрыш индикаторын (тік) туралау (V суретін қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Қысқыш дөңгелекті (45) босатыңыз.
– Бұғаттау иінтірегін (46) сыртқа тартып,
манипулятордың көмегімен 0° шамасындағы тік еңіс
бұрышын орнатыңыз.
– Бұғаттау иінтірегін (46) жіберіңіз. Бұғаттау иінтірегі
позицияда тіркелуі тиіс
– Қысқыш дөңгелекті (45) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тексеру
Бұрыш индикаторы (28) шкаланың (27) 0° белгісімен бір
сызықта болуы керек.
Реттеу
– Бұранданы (60) крест ойықты бұрауышпен босатып,
бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
– Бұранданы қайтадан тартыңыз.
Электр құралын тасымалдау (W суретін
қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
1 609 92A 9BC | (11.01.2024)
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Бекіткіш бұранда (1) тартылған болса, оны босатыңыз.
Манипуляторды толықтай алға тарта отырып, бекіткіш
бұранданы қайтадан мықтап тартыңыз.
– Тереңдік шектегіші (39) толықтай артқа
қайырылғанына және дәлдеп реттеу бұрандасына (38)
манипуляторды жылжыту кезінде тимегеніне көз
жеткізіңіз.
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық
керек-жарақтарды алып тастаңыз. Пайдаланылмаған
ара төсемдерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық
контейнерге салыңыз.
– Тасымалдау тұтқасын (3) тігінен орнатыңыз.
– Электр құралын тасымалдау тұтқасынан (3) ұстап
тасыңыз немесе аралау үстелінің бүйіріндегі ұстау
ойықтарынан (61) ұстаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
u
аспаптарын пайдаланыңыз, ешқашан қорғаныш
аспаптарды немесе дайындама тіреуіштерін
пайдаланбаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Bosch Power Tools

Werbung

loading