Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch HEAVY DUTY GCM 18V-254 D Professional Originalbetriebsanleitung Seite 285

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Пайдалану нұсқаулары
Кесік сызығын белгілеу (P суретін қараңыз)
Екі лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік
қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға
болады.
– Бұл ретте ажыратқышты (6) қысқаша түрту және іске
қосылудан қорғайтын құлыпты (5) баспай лазер
сәулелерін қосыңыз.
– Дайындаманың белгісін екі лазер сәулелерінің
арасына бағыттаңыз.
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріп шығыңыз (қараңыз „Лазерді
реттеу", Бет 285). Лазер сәулелерінде, мысалы,
дірілдеулер себебінен белсенді пайдалануда
параметрлері өзгеруі мүмкін.
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Макс. дайындамалар саны:
Көлденең еңіс
Тік еңіс бұрышы Биіктігі x ені
бұрышы
45° (сол жақ/оң
жақ)
45° (сол жақ)
45° (сол жақ)
45° (оң жақ)
45° (оң жақ)
45° (сол жақ)
45° (оң жақ)
Мин. дайындамалар саны (= жинақтағы қысқаш (41)
арқылы ара дискісінен оң немесе сол жақта қысуға
болатын барлық дайындамалар): 100 x 40 мм (ұзындығы
x ені)
Максималды кесік тереңдігі (0°/0°): 90 мм
Тереңдік шектегішін реттеу (ойықты аралау) (Q
суретін қараңыз)
Егер ойықты аралау керек болса, тереңдік шектегішін
реттеу керек.
– Тереңдік шектегішін (39) алға қайырыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (7) керекті күйге
қайырыңыз.
– Дәлдеу бұрандасын (38) бұранда ұшы тереңдік
шектегішіне (39) тигенше бұраңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Ұзындығы бірдей дайындамаларды аралау (R суретін
қараңыз)
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін сол
жақ немесе оң жақ ұзындық шектегішін (36) пайдалануға
болады.
– Ұзындық шектегішін (36) жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (23) қажетті дайындама
ұзындығына реттеңіз.
Bosch Power Tools
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде,
оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында
дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің
арасында бос орын пайда болмауы тиіс.
Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.
Ішпектерді алмастыру (S суретін қараңыз)
Ішпектер (14) электр құралын ұзақ пайдаланғаннан кейін
тозуы мүмкін.
Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұрандаларды (54) стандартты крест ойықты
бұрауышпен бұрап шығарып, ескі ішпекті (14) алып
тастаңыз.
– Жаңа ішпекті енгізіп, бұрандаларды (54) қайтадан
тартыңыз.
Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын
ток көзіне жалғау керек.
[мм]
Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды
u
90 x 305
жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты
90 x 215
пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
55 x 215
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
30 x 215
– Аралау үстелін (12) 0° ойығына (20) дейін бұраңыз.
Иінтірек (17) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
55 x 305
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
30 x 305
пайдаланғаннан кейін лазер сәулелерін тексеріп,
қажетінше жаңадан реттеу керек.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы құрал қажет болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Тексеру (T1 суретін қараңыз)
– Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
– Манипуляторды тұтқамен (7) төмен қарай баяу
бағыттаңыз.
– Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен
бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
– Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды
қайтадан жоғары қарай баяу бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
– Лазер сәулелерін ажыратқыш (6) арқылы іске
қосылудан қорғайтын құлыпты (5) баспай қосыңыз.
Манипулятор төмен бағытталғанда да, лазер сәулелері
бүкіл ұзындығы бойынша сол мен оң жақта
дайындамадағы сызылған кесік сызығынан бірдей
аралықта болуы керек.
Лазер қорғаныш қалпақшасын алып тастау (T2
суретін қараңыз)
– Лазер қорғаныш қалпақшасының (8) екі
бұрандасын (55) алты қырлы дөңбек кілтпен/крест
ойықты бұрауышпен (43) босатып, лазер қорғаныш
қалпақшасын алып тастаңыз.
Қазақ | 285
1 609 92A 9BC | (11.01.2024)

Werbung

loading