Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GNA 2,0 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 78

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GNA 2,0 Professional:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 4
OBJ_BUCH-236-004.book Page 78 Thursday, June 9, 2016 1:42 PM
78 | Қaзақша
 Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш
көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе
пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан
сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ
сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию
жарақаттану қаупін төмендетеді.
 Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр
құралын тоққа және/немесе аккумуляторға қосуда,
оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі
болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп
тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе
құрылғыны қосулы күйде тоққа қосу, жазатайым
оқиғалға алып келуі мүмкін.
 Электр құралын қосудан алдын реттейтін
аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз.
Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде тұ-
рып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз кү-
тпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз.
 Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді
киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім,
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
тиюі мүмкін.
 Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды
құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс
пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
 Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайда-
ланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр
құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуля-
торды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмей-
тін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға
бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз
адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
1 609 92A 2PR | (9.6.16)
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайда-
ланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындай-
тын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құрал-
дарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Құрылғы үшін қауіпсіздік техникасы бойынша
ерекше нұсқаулар
 Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны,
мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін емес.
 Жұмыс істеген кезде қорғауыш қолғапты киіп
арнайы ретте желі кабеліне абай болыңыз. Кесілген
табақта өткір қыр пайда болып, жарақаттануыңыз
мүмкін немесе желі кабелін зақымдауыңыз мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпе-
лерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы табақ темірді материал пішінін өзгертпей
ажыратуға арналған, тік кесіктер, ойықтар және тар қисық
кесіктер үшін жарамды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қосқыш/өшіргіш
2 Қалып үшін жаппа сомын
3 Қалып үшін қысқыш бұранда
4 Қалып
5 Штемпель
6 Штемпельді бекіту үшін қуыс бұранда
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Bosch Power Tools

Werbung

loading