Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch 0 611 917 100 Originalbetriebsanleitung Seite 197

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Қосымша тұтқаны қайыру (B суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаны (12) қозғалтып, қауіпсіз және ыңғайлы
жұмыс күйіне реттей аласыз.
– Қосымша тұтқаның (12) астыңғы бөлігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (12) қалаулы
күйге қайырыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның (12)
астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаның кергіш таспасы корпустағы арнайы
ойықта болғанына көз жеткізіңіз.
Бұрғылау патроны мен құралдарды таңдау
Соққымен бұрғылау және қашау үшін SDS-max бұрғылау
патронына салынатын SDS-max құралдары қажет болады.
Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (3) жұмыс кезіндегі бұрғылау
шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді.
Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың
(3) зақымдалмағанын тексеріңіз.
Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу
u
ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету
шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру (SDS-max)
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (C суретін қараңыз)
SDS-max құрал бекіткішімен алмалы-салмалы аспапты
қосымша құралдарды пайдаланбай жылдам және оңай
алмастыруға болады.
– Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап,
аздап майлаңыз.
– Құлыптау төлкесін (4) артқа жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты құрал бекіткішіне бұрап енгізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты бұғаттау үшін құлыптау
төлкесін (4) қайта жіберіңіз.
– Құралды тарту арқылы оның бекітілуін тексеріп
шығыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (D суретін
қараңыз)
– Бекіткіш бұранданы (4) артынан жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Bosch Power Tools
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
®
Bluetooth
Low Energy Module GCY 42 модулінің
u
қақпағы (15) жұмыс барысында жабық болғанын
қадағалаңыз. Осылайша шаңның кіруіне жол
бермейсіз.
Жұмыс режимін реттеу (E суретін қараңыз)
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін айналуды
тоқтату қосқышын (5) пайдалануға болады.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін айналуды тоқтату
қосқышын (5) қажетті күйге бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшіп тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Нұсқау: ажыратқыш бұғатталған кезде, басқа жұмыс
режиміне ауыссаңыз, электр құралы өшіп қалады.
Соққымен бұрғылау күйі
Егер алмалы-салмалы аспап бірден
айналмаса, электр құралын, алмалы-
салмалы аспап бірге айналғанша, баяу
жұмыс істетіңіз.
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock
күйі
Қашау күйі
Қосу/өшіру
– Қажет болса, ажыратқыштың реттеу түймесін (7)
жіберіңіз.
– Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (9) басыңыз.
Жұмыс шамы (11) ажыратқыш (9) кішкене немесе толық
басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық
жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.
– Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (9)
жіберіңіз.
Төмен температураларда электр құралы белгілі бір уақыт
өткеннен кейін толық бұрғылау/соққы қуатына жетеді.
Қазақ | 197
1 609 92A 88X | (24.10.2022)

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Gbh 18v-40 c professional