Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GLL 3-50 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 142

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GLL 3-50 Professional:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
142 | Қазақ
– Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде
(Ⅰ нүктесі), 5 м қашықтықта есік тесігінің басқа
жағында (Ⅱ нүктесі) және есік тесігінің жоғарғы
шетінде (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз.
– Өлшеу құралын 180° бұрап, есік тесігінің басқа
жағында тікелей Ⅱ нүктесінің артында орнатыңыз.
Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығын
орталығы нақты Ⅰ мен Ⅱ нүктелерінен өтетін етіп
бағыттаңыз.
– Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы
шетінде Ⅳ нүктесі ретінде белгілеңіз.
– Екі белгіленген Ⅲ және Ⅳ нүктенің d айырмашылығы
өлшеу құралының тік сызықтан дәл ауытқуын
көрсетеді.
– Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей
есептеледі:
есік тесігінің қос биіктігі × 0,3 мм/м
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігіндегі максималды ауытқу:
2 × 2 м × ±0,3 мм/м = ±1,2 мм. Сондықтан Ⅲ мен Ⅳ
нүктелердің аралығы ең көбі 1,2 мм болуы керек.
Негізгі нүкте дәлдігін тексеру
Тексеру үшін еден мен төбе арасында шамамен 5 м
шамасындағы берік беттегі бос өлшеу жолының
арақашықтығы қажет болады.
1 609 92A 92E | (28.09.2023)
– Өлшеу құралын айналма платформаға (16) орнатып,
еденге қойыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен тік
жұмыс режимін таңдап, өлшеу құралын нивелирлеңіз.
5 m
– Лазер нүктесі жоғарғы қиылысу нүктесінің ортасын
төбеде (Ⅰ нүкте) белгілеңіз. Оған қоса негізгі нүктенің
ортасын еденде (Ⅱ нүкте) белгілеңіз.
d
– Өлшеу құралын 180°-қа бұраңыз. Оны негізгі нүктенің
ортасы белгіленген Ⅱ нүктеде болатындай етіп
орналастырыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеңіз.
Жоғарғы қиылысу лазер нүктесінің ортасын (Ⅲ нүкте)
белгілеңіз.
– Төбеде белгіленген Ⅰ және Ⅲ нүктелердің d
айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен
ауытқуын көрсетеді.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей
есептеледі:
еден мен төбе арасындағы қос қашықтық × 0,6 мм/м.
Мысал: еден мен төбе арасындағы қашықтық 5 м
болғанда макс. ауытқу келесідей болады:
2 × 5 м × ±0,6 мм/м = ±6 мм. Сондықтан Ⅰ мен Ⅲ
нүктелердің аралығы ең көбі 6 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің
u
немесе лазерлік сызықтың ортасын
пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе
лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (19) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
180°
Bosch Power Tools

Werbung

loading